Адам ағзасында кальцийдің рөлін асыра бағалау едәуір қиын. Бұған дәлел ретінде кальцийдің жалпы пулы адам ағзасында әр тұлғаның дене салмағынан шамамен 2% құрайтынын, бұл біздің ағзамыздағы басқа электролиттердің мөлшерінен он есе көп деп айтуға болады. Физиологиялық жағдайда кальцийдің негізгі бөлігі, бұл оның жалпы мөлшерінен 99% алмасу үрдістеріне қатыспайды және сүйек ұлпасында байланысқан күйде болады. Кальцийдің қалған 1% еріген күйде болады және осы мөлшердің 50-60% иондалған күйде болады, әсіресе осы бөлігі тіршілікке қажетті келесі үрдістерге қатысады:
- импульстарды жүйке-бұлшықеттерге жіберу;
- қан ұю үрдістері;
- жүрек бұлшықеттерінің жұмысы;
- жасуша мембранасына жасушалық әлеует әсерін түзу;
- іс жүзінде барлық биологиялық маңызды үрдістерге қатысатын ферменттерді өндіру және белсендіру;
- сүйек тығыздығын қалыптастыру.
Денедегі кальцийдің жетіспеушілігі қалай көрінеді? Сонымен, біздің әрқайсымыз қандай да бір себептермен кальций жетіспеушілігі (гипокальциемия) немесе оның шамадан тыс (гиперкальциемия) жағдайымен кездесеміз, бұл біздің денсаулығымызға бірдей жағымсыз әсер етеді. Бірақ бұл жағдайды дұрыс түсіндіру үшін бірінші кезекте қандағы иондалған кальций мөлшерінің қалыпты мәнін 1,17 – 1,29 ммоль/л білу керек. Көріп отырғаныңыздай, қалыпты көрсеткіштің ауқымы өте аз, демек жетіспеушіліктен артықшылыққа дейін – бар-жоғы бір қадам! Гипокальциемия (плазмадағы кальций 1,17 ммоль/л аз) – гипоальбуминемияда (қан плазмасында альбуминдер жеткіліксіздігі), панкреатитте, ұзақ уақытқа созылған өт жыланкөзінде, D дәруменнің тапшылығында, аш ішекте сіңірілудің бұзылысы, ұзақ, жарақатты оперативтік араласуларда, ең бастысы – адам ағзасывна алиментарлық (тағаммен) жолмен кальцийдің түсуі (адамға қалыпты жағдайда кальцийдің тәуліктік қажеттілігі 700-800 мг құрайды) төмендеген кезде дамиды.
Ең алдымен, бұл жағдай көрінеді:
- жүйке-бұлшықет қозғыштығының жоғарылауы;
- терінің түршігу сезімі;
- пароксизмальді тахикардия (кенеттен жүрек соғысының жиілеуі);
- балтыр бұлшықеттерінің түйілуі;
- қан ұюының баяулауы;
- тіс, шаш, тырнақ сыңғыштығы;
- остеопороз, сүйек сыңғыштық қаупінің артуы;
- сәбилерде дамудың баяулауы.
Гипокальциемияны түзету (коррекциялау) қан плазмасында кальцийді клинико-зертханалық зерттеуден кейін, құрамында иондалған кальций бар дәрі-дәрмекті көк тамыр арқылы жүргізеді. Мұндай дәрі-дәрмектерге: кальций глюконаты, кальций лактаты, кальций хлориді немесе кальций бикарбонаты жатады. Бірақ бұл шаралар қан плазмасында альбумин деңгейіне алдын ала коррекция жүргізілгеннен кейін ғана дәрі-дәрмектің әсері болады. Сондықтан қан плазмасында кальций мөлшерін анықтау кезінде міндетті түрде плазмадағы альбумин мөлшерін анықтау қажет, өйткені, осы заттардың деңгейін үйлесімді түзету, ең алдымен, осы жағдайдың қолайлы нәтижесін анықтайды ғой.
Гиперкальциемия (плазмадағы кальций 1,29 ммоль/л көп). Бұл жағдай сүйектің қарқынды бұзылысымен (остеомиелит, сүйек ұлпасының әртүрлі ісік үрдістері) жүретін барлық үрдістер кезінде, сондай-ақ бұл жағдай жиі қалқанша маңы безінің аурулары (мысалы, аденома, паратиреоидит), гипокальциемияны емдеу аясында кальций дәрі-дәрмектерін шамадан тыс енгізген кезінде туындайды. Бұл жағдайлардың клиникалық көрінісі:
- Жұмыс күні ішінде тез шаршағыштық;
- Бұлшықет әлсіздігі және айқын тежелу;
- лоқсу, құсу, іш қату және іштің желденуі;
- бүйректе тас түзілу.
Ауыр гиперкальциемия әкеледі:
- Галлюцинацияларға
- Комаға
- жүрек ырғағының бұзылысына
- өлімге
Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, кальций адам ағзасындағы өте маңызды электролит екенін және оны бірінші кезектегі емес, бірақ өте маңызды міндет атқаратыны, біздің денсаулығымыз бен ұзақ өмір сүруіміздің жолында оны тиісті деңгейде ұстау қажет екенін айтқым келеді. Осыған байланысты біз сізге жылына кемінде бір рет қандағы кальций деңгейін анықтап отыруға кеңес бергіміз келеді.