Туыстықты, оның ішінде ДНҚ бойыншы әкелікті анықтау үшін молекулярлы-генетикалық зерттеу.
ДНҚ жазылған тұқым қуалайтын ақпаратты беру және сақтау принциптеріне және туыстар арасында ДНҚ белгілі фрагменттерін (генетикалық локустарды) салыстыруға негізделген. ДНҚ ұрттың ішкі беткейінен мақта таяқшасының көмегімен жасуша бөліп алынады, бұл емделуші, әсіресе балалар үшін аялауыш және ыңғайлы әдіс. Анасының құрсағында қалыптасу үрдісінде бала ДНҚ жартысын анасынан, екінші жартысын әкесінен алады. Бұл бала мен оның ата-анасын бір-біріне өзара ұқсас гендердің жартысы болатынын білдіреді. Егер баланың ДНҚ нақты аймағын алып, оны ата-анасының дәл сондай аймағымен салыстырса, онда 50% ықтималдықпен өзара сәйкес келетін болады.
ДНҚ сынақтың әкелікті нақтылау бойынша дәлдігіне екі негізін қалаушы факторлар әсер етеді: зерттелген гендік локустардың саны және олардың шығу сипаты. Тек әр адамға тән бірегей немесе аз адамдарда бар аймақтар (бізді бір-бірімізден ажырататын) ғана талданады. Мұндай аймақтарға ДНҚ гипервариабельді аймағын жатқызады. Дәл осылар ДНҚ бойынша әкелікті анықтау қажет болғанда қолданылады.
Әке болуды анықтау процедурасының мәнісі: маман анасынан баласына берілген генетикалық материалдың үлесін есептейді. Ал генетикалық материалдың қалған бөлігін болжалды әкесіне теңестіреді. Егер жалпы белгілері болатын болса, онда әкелік расталады. Егер сынаққа тек болжалды әкесі ғана емес, баланың анасы (кез келген жағдайда баланың қатысуы міндетті) қатысатын болса, онда сынақтың дәлдігі жоғары болады.
Талдау нәтижесіне материалды алу шарттары және оны сақтау (тасымалдау) ережелері әсер етеді. ДНҚ алу немесе сақтау ережелері бұзылған жағдайда не бөлінеді, не бөлінбейді, тиісінше сынақ нәтижелері бойынша қорытынды беріледі немесе қайта алу жүргізіледі.
Зерттеуді жүргізуге арналған шарт пен ереже. Зерттеу зерттелетін адамдардың туыстық қатынасын анықтау тұрғысынан жүргізіледі. Зерттеу тексерілетін адамдардың толық ерікті келісімімен жүргізіледі. "Биологиялық туыстықты анықтау" молекулярлық–генетикалық зерттеуді жүргізуге тапсырыс беруші зерттеуге ақы төлейтін тұлға болып табылады. Емделушінің алған нәтижелерін сот үрдісінде дәлел ретінде пайдалануға болмайды. «ОЛИМП» КДЗ тек ақпараттық қорытынды береді.
Зерттеу барлық тексерілушілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ зерттелетін тұлғалардың бірі баланың заңды өкілі болып табылатынын растайтын құжаттарды көрсеткен кезде жүргізіледі.
- Төлқұжат – кәмелеттік жасқа толған азаматтар үшін (18 жастан жоғары).
- Туу туралы куәлік – кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар үшін (18 жасқа дейін).
- Төлқұжат және туу туралы куәлік – кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар үшін (14 жастан жоғары). Асырауында болған баланың заңды өкілінің болуы талап етіледі.
Тапсырыс берушінің рөлінде бола алады:
- Баланың заңды өкілі – растайтын құжаты бар баланың асырауындағы тұлға анасы/әкесі, қамқоршы/жебеуші;
- Растайтын құжат болған кезде баланың заңды өкілі болып табылатын - болжалды әке/ана*;
- Ахуалын растайтын құжаттары жоқ болжалды әке/ана - баланың заңды өкілінің қатысуымен ғана;
- Бала кәмелет жасқа толған соң (18 жастан асқан).
*Тұлға баланың заңды өкілі екенін растайтын құжат - туу туралы куәліктің тиісті бағандарындағы жазба болып табылады.
Зерттеуге қатысатындар:
- Анасы (әдетте туған деп саналады).
- Бала.
- Ер адам (болжалды әкесі).
Егер отбасында биологиялық туыстықты анықтауды қажет ететін тағы бір бала (немесе әке) болса, онда біз зерттеуге назар аударамыз: әкелікті нақтылау – қосымша үлгі.