Көмірсулардың ыдырауына көмектесетін ас қорыту ферменті. Осы амилаза көмірсулы өнімдерге (картоп, нан) қант қоспай-ақ сәл тәттілеу дәм береді. Альфа-амилаза ас қорыту басталатын ауыз қуысындағы сілекей бездерінен (S тип) және ұйқы безінде (P тип) бөлінеді.
Қалыпты жағдайда қан сарысуында барлық амилазаның 40%-ын P тип және 60%-ын S тип құрайды.Қандағы α-амилаза белсенділігін анықтау сілекей безінің қабынуын (паротит) және ұйқы безінің қабынуын (панкреатит) диагностикалау үшін қажет. Өйткені ағзада амилазаның ауқымды көзі ұйқы безі болып табылады, оның аурулары кезінде фермент үлкен көлемде қанға шығарылады. Бұл зат қалыпты жағдайда ұйқы безінің өзектері арқылы он екі елі ішекке шығады, тамақпен араласып, ағзадан шығарылады.
Ұйқы безінің қабынуы болғанда ісіну жүреді де шығару өзектері қысылады. Осылайша ферменттің концентрациясы 10 есеге артық жоғарлауы мүмкін!
Диастазаның 2 есе және одан артық жоғарлауы ұйқы безінің қабыну симптомы ретінде бағаланады.
Кейбір жағдайларда ауру басталғанан кейін алғашқы тәулікте амилаза деңгейі қалыпты шекті көрсеткіште панкреатиттің жетілмеген (абортивті) түрімен ауыратын науқастардың 25% - ында, 20% - майлы және 10% геморрагиялық түрінде) болуы мүмкін. Бұл жағдайларда ауырсыну синдромының қайталанған ұстамасынан кейін талдау үшін қан алу құнды болады.
Нақты диагноз қою үшін қандағы және зәрдегі амилаза мен креатинин қатынасы бойынша амилаза-креатинин клиренсін есептеу қажет. Несептегі α-амилазаның көрсеткіштері, сондай-ақ қан сарысуындағы арнайы панкреатиялық α-амилаза панкреатит диагностикасында анағұрлым сенімді болып саналады.