Салқын тигеннен болатын ауру (баспа/ангина) жиі стрептококкты инфекциядан туындайды. Бір қарағанда қарапайым аурудың қауіптілігі - стрептококк иммундық жүйенің шектік бұзылуына әкелуі мүмкін, өйткені иммундық жүйе осы қоздырғышпен күресе отырып, меншікті дәнекер ұлпаға қарсы күреседі. Бұл ұлпа іс жүзінде әрбір мүшеде бар. Мұндай аутоиммундық ауру ревматизм деп аталады. Ол буындар мен жүректің тұрақты зақымдануымен қоса олардың деформациялануына әкеледі.
Стрептококк басқыншылық (агрессия) фактор – стрептолизин О («О» оттегімен жанасу кезінде бұзылатын затын білдіреді) затын бөледі, оған жауап ретінде арнайы антидене АСЛО өндіріледі. АСЛО – аурудың өршуі кезінде жоғарлайтын және сауығу кезінде төмендейтін жедел стрептококкты инфекцияның көрсеткіші. Осылайша талдаудың клиникалық маңызы ревматикалық үрдістің динамикасын бақылаудан тұрады.
Ревматизм кезінде АСЛО деңгейі 6-шы айда төмендеу (барабар емдеу жүргізілсе ерте төмендейді) керек, бұл аурудың жедел фазасының аяқталғанын білдіреді. Егер АСЛО аурудың 6 айынан соң да төмендемесе, бұл ауру толқынының қайталану ықтималдығы туралы куәландырады. АСЛО концентрациясын бір рет қана анықтау төмен диагностикалық құндылыққа ие, аралығы бір апта лық Однократное определение концентрации АСЛО имеет низкую диагностическую ценность, бір апта аралықпен екі рет талдау жасау, яғни динамикада бақылау оңтайлы.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Талдау нәтижесіне антибиотиктерді қабылдаған әсер етеді, яғни АСЛО мәні төмендейді