АСТ – ағзаның көптеген жасушаларында болатын жасушаішілік фермент, бірақ оның аса жоғары концентрациясы жүрек жасушасында (кардиомиоциттер) одан аз мөлшерде бауыр ұлпасында болады. Бұл зат күрделі химиялық реакцияларда катализатор рөлін атқарады, бірақ дәрігерлер үшін оның қызметі айтарлықтай маңызды емес.
Оның қандағы мөлшері клиникалық тұрғыдан маңызды. Жоғарыда айтылғандай, АСТ жасушалардың ішінде болады, сондықтан қан деңгейінің жоғарылауы осы жасушалардың жойылуын көрсетеді. АСТ құрамы жүректе көп болғандықтан, клиникалық түсіндірмесі жүрек патологиясын, атап айтқанда – миокард инфарктісін анықтауға бағытталған болады. электрокардиограммада (ЭКГ) инфаркт көрінбей тұрып, АСТ деңгейінің жоғарлауы байқалатынын айтып кеткен жөн.
Инфаркт диагнозын тек AСT жоғарлау негізінде жасауға болмайды. Талдау диагнозды растау үшін (клиникалық көрініске және тексерудің басқа әдістеріне қосымша) және емдеу барысын бақылау үшін қажет. Егер инфарктан кейінгі үшінші күні AСT деңгейі төмендемесе, онда аурудың болжамы қолайсыз – жүрек бұлшықетінің зақымдану аймағының кеңеюі мүмкін, сондай-ақ басқа мүшелердің (мысалы, бауырдың) зақымдануы мүмкін. Бұдан басқа АСТ белсенділігі бойынша жүректің зақымдану ауқымы туралы субъективті түрде бағалауға болады. Емдеуді бақылау үшін талдауды бір зертханада және онда алынған нормаларды басшылыққа ала отырып тапсырған жөн. Өйткені сол бір көрсеткіш әртүрлі медициналық ұйымдарда әрқилы түсіндірілуі мүмкін.