Ақуызды фракциялар (ақуыз электрофорезі)
Ақуыздар ағзада жасампаз қызметтерді орындайды:
- Құрылыстық (жасуша қабырғасының құрамына кіреді);
- Тасымалдаушы (заттарды қан ағымымен мұшелерге жеткізу);
- Онкотикалық қысымды ұстап тұру (соның арқасында қанның сұйық бөлігі тамырлар қабырғасынан ағып кетпейді);
- Қанның ұюы (қан кетуді тоқтау үшін);
- Қоректік (егер ағзаға қоректік зат жетпесе, ол «отын» ретінде нәруызды пайдаланады);
- Ағзаның қышқыл-сілтілік тепе-теңдігін ұстау;
- Реттеуші (нәруыздар – гормондар, ферменттер және биологиялық белсенді заттар);
- Қорғаныштық (иммундық қорғануға қатысады);
- Микроэлементтер деңгейін ұстайды (кальций, темір, магний…).
Өз кезегінде нәруыздар бірнеше түрге бөлінеді: альбуминдер, альфа1-, альфа2-, бета- және гамма- глобулиндер. Нәруыздардың белгілі бір топтары өз қызметін атқарады. Емделуші жалпы нәруызға талдау жасатқанда («жалпы нәруыз» қараңыз) нәтижеде тек оның жалпы мөлшері беріледі, ал нәруыздың сапалық құрамы көрсетілмейді.
Нәруыздардың электрофорезі барлық нәруыздардың қатынасын – нәруыздық фракциясын көріге мүмкіндік береді.