Кері қайту
Тура билирубин

Билирубин – эритроциттердің ыдырау нәтижесінен түзілген өт пигменті. Физиологиялық жағдайда әрбір сағат сайын 800 млрд (!) қан жасушалары ыдырайды және соншалықты түзіледі. Нәтижесінде 2 компонент пайда болады: гем және глобин. Гем әрі қарай тікелей емес (конъюгирленбеген, еркін) билирубинге айналады, бұл альбуминмен байланысқа түсіп, бауырға тасымалданады.  Осы жерде оны конъюгациясы (түзелуі) іске асырылады. Енді билирубин тікелей (коъюгирленген, байланысқан) болады.

Осыдан келесі үш зертханалық көрсеткіштер шығады: 

Тікелей билирубин + тікелей емес билирубин = жалпы билирубин.

Билирубин физиологиялық бөліністерге рең береді: зәрге – сары түс, нәжіске – күрең қоңыр түс (пигмент көп болған сайын, реңі де қарқынды болады) береді.

Егер пигменттердің мөлшері 30 нмоль/л артып кетсе, көздің ағы сарғая бастайды, 40 нмоль/л болған кезде – тері жамылғысы сарғаяды. Мұндай клиникалық көрініс жиі гепатиттерде (бауырдың қабынуы) байқалады. 

Дәрігерлер үшін бұл талдау терінің сарғаю себептерін анықтау үшін және бауыр ауруларының динамикасын бақылау үшін қажет.

Тікелей емес билирубиннің жоғарлауы шамадан тыс эритроциттердің ыдырауы (гемолитикалық анемия) кезінде болады, өйткені өлген қан жасушалары өте көп мөлшерде түзіледі. Бұл кезде терінің түсі лимон тәрізді (бозғылтығы анемия есебінен+сарғаю билирубин есебінен) болады. 

Тікелей фракцияның жоғарлауы гепатиттерде және өттің іркілісінде байқалады, яғни өттің ішекке жылжуы бұзылып, көп мөлшерде қан ағымына түседі. Бұл кезде нәжіс түссізденеді, ал зәр сыра түстес болады.

Билирубин алмасуының бұзылысымен жүретін туа біткен аурулар да бар (Криглер-Найяр, Жильбер, Дабин-Джонсон).