Фолий қышқылы (фолат)
Ағзаға тағаммен түсіп, ішек микрофлорасымен қорытылатын алмастырылмайтны дәрумен. Дәруменнің әсері көптеген мүшелердің жұмысын қалыптастыруға бағытталған:
- Жаңа жасушалардың түзілуі. Дәрумен ДНҚ синтездеу үшін қажет, яғни ағзаның бірде бір жаңа жасушасы фолий қышқылының қатысуынсыз пайда болмайды.
- Қан жасушаларының дұрыс қызмет жасауы. Фолий қышқылы қанның толық жасушаларын - эритроциттерді (оттегі тасымалдаушы) және лейкоциттерді (иммундық жасушалар) түзу үшін қажет. Фолий қышқылынсыз эритроциттердің өмір сүру уақыты азаяды (фолий тапшылық анемия дамиды), ал лейкоциттер микроағзаларды зиянсыз ету қабілетін жартылай жоғалтады.
- Қан тамырлар қабырғасының тығыздығы. Бұл дәрумен уытты гомоцистеин аминқышқылының («гомоцистеин» мақаласын қараңыз) қалыпты алмасуын қамтамасыз етеді, оның шамадан тыс болуы тамырлар қабырғасының борпылдақ және әлсіз болуына әкеледі, бұл ретте көптеген мүшелер зақымданады.
- Жүктіліктің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Дәрумен баланы көптеген туа пайда болған жүйке түтікшесінің ақауы, жүрек ақауы және еріннің жырықтары сияқты ақаулардан сақтап қалады. Дәруменнің тапшылығы эклампсияны, мерзімінен ерте босану немесе еріксіз түсік тастау әкелуі мүмкін. Аналары жүктілік кезінде фолий қышқылының жеткіліксіз мөлшерін қабылдаған балаларда метаболикалық синдромның (семіздік) даму қаупі жоғары екендігі туралы мәліметтер бар.
- Ерлердің ұрпақты болу қызметін қамтамасыз ету. Фолий қышқылы сперматогенезге (жаңа шәует жасушаларының түзілуі) қатысады. Осылайша, ерлердің бедеулігін болдырмас үшін ер адамдар тағамммен жеткілікті мөлшерде фолий қышқылын қабылдап отыру қажет.
- Адамның психикалық денсаулығын қамтамасыз ету. Фолий қышқылы серотонинге және норадреналинге (бас миының жұмысына қажетті заттар) әсер етеді. Күйзеліс пен фолий қышқылының тапшылығы арасындағы байланысты оқып білу үшін ғылыми зерттеулер жүргізілген. Зерттеу негізінде 15315 науқаста дәрумен тапшылығы мен күйзеліс арасындағы заңдылық анықталған болатын.
- Көздің денсаулығын сақтау. Бір топ ғалымдардың жұмысына (2009 ж.) сәйкес фолий қышқылы бар тағамдық қоспаларды қабылдайтын әйел адамдарда көздің ішкі тор қабығының дистрофия даму қаупі 34,7% төмендеген.
Фолий қышқылының қоры ағзада шектеулі болғандықтан дәрумен тапшылығының белгілері ағзаға оның қажетті мөлшерде түспегендігі 1-6 айдан кейін байқалады. Мысалы үшін фолий тапшылық анемияның клиникалық көрінісі 20 аптадан кейін айқын көренеді.