Біздің ағзамызда кең таралған фермент, көптеген ұлпаларда, әсіресе оның концентрациясы бауырда, ұйқы безінде, бүйрек пен қуық асты безінде (осы себептен ер адамдарда ферменттің мөлшері әйелдерге қарағанда 2 есе көп) кездеседі. ГГТП жасушаның беткейінде орналасады.
Ферменттің негізгі қызметі-амин қышқылдарын мембрана арқылы жасушаға тасымалдау.
Талдау бауырдың зақымдануын диагностикалау кезінде негізгі диагностикалық құндылық болып табылады. Бауыр патологиясы кезінде ГГТП немесе сілтілі фосфотаза ақпараттылығы туралы қарама-қайшы мәліметтер бар. Алайда факт факт болып қала береді, бауыр зақымдануы кезінде ГГТП деңгейі қарыштап өсе бастайды.
Жалпы қандағы ГГТП белсенділігінің өзгеруінің 3 себебі бар:
- Бұл заттың синтезі басқа ферменттердің, дәрілік заттың немесе ішімдіктің көмегімен күшеюі.
- Уытты заттардың, инфекцияның немесе механикалық әсерлесу әрекетінен фермент бекінген мембрананың зақымдануы.
- Өт қышқылының, беткейлік белсенді заттардың әсер ету нәтижесінен ГГТП мембранадан ыдырауы. Бұл жағдай холестаз – өт жолдарының бітелу (тас, ұлпаның қабыну кезінде ісінуі) салдарынан өттің іркілуі кезінде туындайды.
Ішімдік қабылдаған кезде талдау аса сезімталдыққа ие болады. Алкоголизмді емдеу кезінде емделушінің спирттік сусын ішкен не ішпегенін қадағалауға болады. Ішімдікті ішуді тоқтатқаннан кейін 10 күннен соң ГГТП белсенділігі 50% төмендейді.
ГГТП липопротиедтармен (майлармен) байланысатын айрықша ерекшелігі бар, бұл ретте атеросклероздық түйіншектер қалыптастырады. Сондықтан ГГТП жүрек-қан тамырлар ауруларының маркері ретінде қарастыратын зерттеулер жүргізілуде.