Гликозилирленген (гликирленген) гемоглобин – глюкозамен (қантпен) қосылған қанның нәруызы. Нормада қалыпты гемоглобиннен 4-6% құрайды. Рұқсат етілген нормадан қант асып кеткен кезде ұзақ уақыт бойы (6-8 апта) оның гемоглобинмен байланысы жүреді. Демек, бұл зертханалық көрсеткіш алдыңғы бір жарым айда глюкоза деңгейінің жоғарлауын көрсетеді.
Талдау қант диабетін диагностикалау және осы аурумен емделушілердің жағдайын динамикада бақылау үшін қажет.
Егер қандағы глюкозаның концентрациясын анықтасақ, онда дәл талдау кезіндегі сәтте ағзаның гликирленген гемоглобині дәрігерге емделушінің бір ай ішіндегі денсаулығын көрсетеді. Кезеңі қызыл қан жасушаларының өмір сүру ұзақтығына байланысты, орташа өмір сүруі 120 күнге дейін болады. Өйткені, қандай да бір себептермен адамда глюкозаның қысқа мерзімді жоғарылайтын (қан тапсырар алдында емдәм сақталмасс, стресстік жағдай…) жағдайлар болауы мүмкін.
Қант диабетін емдеудің мақсаты гликозирленген гемоглобин деңгейін 7% азырақ төмендету болып табылады.