Кері қайту
Глюкоза (қан қанты)

Глюкоза – ағзаның тіршілік әрекеті үшін энергия алатын негізгі зат. Қандағы глюкозаның концентрациясы орталық жүйке жүйесімен, бауырмен және гормондармен реттелетін көмірсу алмасуының жағдайын көрсетеді. Глюкоза ағзаға көмірсулы тағамдармен бірге – нан, картоп, макарон, қант, кәмпит… түседі. Қажет болса, ол бауырда сақталады, артығы май ұлпасының қалыптасуына қатысады. 

Глюкоза деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі байқалатын көптеген себептер бар, бұл адам денсаулығына бірдей зиянды әсер етеді.

Гипогликемия (қандағы қант мөлшерінің азаюы) – жалпы әлсіздікпен көрінеді, қант мөлшерінің өте төмен деңгейге жету салдарынан адам гипогликемиялық комаға түсуіне әкеледі. Науқас ес-түссіз, сенделеді, елестеу (галлюцинация) көрінеді. Жабысқан салқын тер бөліну тән. Бұл жағдайлар келесі себептерге байланысты туындауы мүмкін:

  • Ашығу (мысалы, науқас тамақ ішпей, тек спирттік сусындарды ұзақ уақыт бойы ішсе)
  • Бауырдың ауыр аурулары (цирроз, обыр)Ұйқы безінің аурулары (инсулиномалар – глюкоза деңгейін төмендететін гормон – инсулинді көп мөлшерде шығаратын ағзаның жаңадан қайта пайда болған жасушалары)
  • Инсулинді мөлшерден тыс пайдалану (қант диабетімен сырқаттанатын науқастарда)
  • Анаболикалық гормонды дәрі-дәрмектерді қолдану – глюкозаны өңдеу жылдамдығын арттырады
  • Бас миының қабыну аурулары (менингит, энцефалит)

Туа пайда болған ферментопатиялар – ішекте көмірсудың сіңірілу үрдісі бұзылады.Гипергликемия – қандағы қант деңгейінің артуы. Қант диабетінің негізгі көрінісі. Мұның себептері инсулин шығарылудың жеткіліксіздігінен (глюкоза өңдеуге «үлгермейді») немесе қантты қажетті мөлшерде сіңіре алмайтын жасушалардың ақауынан болады. Глюкозаның шамадан тыс болуы ағзаның құрылымындағы ауыр бұзылыстарға әкеледі. Ең біріншіден ұсақ қан тамырлар зақымдалады – бұл «диабеттік микроангиопатия». Қан тамырлар қабырғасының зақымдалуымен қоса, көздің ішкі тор қабығы, бүйрек, жүрек, табан мүшелерінің қан ағымы бұзылады. Артериалдық гипертензия дамиды. Екінші негативті фактор – бұл қанттың микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай жасауында, сәл ғана тері зақымдалса, апталар бойы ұзақ жазылады.

Қанда глюкозаны анықтау қант диабетінің скринингтік диагностикалық әдіс болып табылады, яғни көп науқастарды әрі қарай түбегейлі тексеру үшін қауіп тобын анықтауға мүмкіндік беретін аса қолжетімді әдіс.

«ОЛИМП» КДЗ қазіргі заман құралында «ҚАНТ ДИАБЕТІ» жеңілдік қарастырылған кешенді тексерілуден (ішіне 5 көрсеткіш кіреді) өтуді ұсынады!