Кері қайту
"Гуморалдық топ" (Иммунограмма)

Иммунограмма – бұл қан арқылы иммундық жүйені бағалауға бағытталған зерттеу. Белгілі зерттеу – иммунитеттің жұмысын сипаттайтын, бірнеше көрсеткіштерді біріктіруші кешен.

  • Гуморалдық топ адамның иммунитеттік қорғаныстың келесі негізгі параметрлерін көрсетеді:
  • лейкоциттердің (қанның ақ түйіршігі) санын және функционалдық қабілетін, олардың пайыздық қатынасын;гуморалдық иммунитет - А, М, G, Е иммуноглобулиндер кластарының деңгейін;

Иммуноглобулиндер – бұл бөгде агенттерден (микроағзалар, токсиндер) қорғану үшін иммундық жүйе жасушаларынан бөлінетін антиденелер. Атқаратын қызметіне байланысты антиденелердің 4 түрін:

A, E, G, M ажыратады. Ig M жедел инфекцияға жауап ретінде бірінші болып түзіледі. Бактериядан қорғануда шешуші роль атқарады. Олардың әсер ету қағидасы келесідей: иммуноглобулин ағза үшін нәруыздық құрылымы бөтен болып табылатынның барлығын таниды.

Ig G – барлық антиденелердің ең көп тобы (жалпы санынан 80%), бұл осы иммуноглобулиннің маңыздылығын айғақтайды. IgG іс жүзінде ағзаны барлық бөгде агенттерден (антигендерден), оған қоса бактериялардан, саңырауқұлақтардан, вирустардан, токсиндерден қорғайды.IgA әлеуетті «зиянкестердің» жергілікті әсеріне жауап ретінде шырышты қабаттарда (ауыз қуысы, несеп-жыныстық жүйесі, ішектер) түзіледі. Антиденелер осы бөгде агенттермен байланысады және олардың жасуша беткейіне бекінуіне кедергі жасайды, сөйтіп ағзаның ішкі ортасына енуіне тосқауыл болады. 

Ig Е аллергиялық реакцияларға жауап беретін және паразиттерден қорғайтын антидене өкілі болып табылады.

Иммунограмма бүтін иммундық жүйені бағалауға мүмкіндік береді және ол иммунды тапшылықты диагностикалауда негізгі зерттеу ретінде тағайындалады.

Иммунды тапшылық – бұл иммундық жүйе жұмысының жеткіліксіздігі. Иммундытапшылықтың негізгі көріністері – жұқпалы аурулардың ауыр ағымына бейімділік.  Зерттеуге көктамырдан алынған қан қажет етіледі. Талдауды әйелдерде етеккір кезінде, жедел инфекциялық және қабынулық аурулар кезеңдерінде тапсыру ұсынылмайды.

КӨРСЕТКІШТЕР:

жылына 6 реттен көбірек — терінің, шырышты қабаттардың, жоғары тыныс алу жолдарының ауыр, созылмалы ағымдағы, антибиотиктермен емдеудің төмен жетістігімен, жиі асқынулармен жүретін жұқпалы аурулары;белгісіз себептермен 2 аптадан артық дене температурасының көтерілуі;табиғаты түсініксіз лимфалық түйіндердің ұлғаюы;үнемі шаршау сезімі, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынулары, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;ешқандай себепсіз дене салмағының төмендеуі. 

ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТҮСІНІК БЕРУ:

Иммунограмма нәтижесіне түсінікті емдеуші дәрігер береді, бұл зерттеудің нәтижелерін клиникалық белгілер және басқа да зертханалық талдаудың көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Инфекциялар, аутоиммундық және онкологиялық аурулар, иммундытапшылықтар, ота жасаудан кейінгі кезең, мүшелерді қайта ауыстыру сияқты әртүрлі патологиялық үрдістер кезінде иммунограмма көрсеткіштерінің деңгейі жоғарлауы немесе төмендеуі мүмкін.  Сізге емдеуші дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.

ИММУНОГРАММАҒА ҚАН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  • талдауды таңертеңгі сағат 7-ден 10-ға дейін тапсыру керек;
  • зертханаға аш қарында келу керек, ашығу интервалы 8- 12 сағат;зерттеуге дейін 24 сағат бұрын ішімдік қабылдамау керек;
  • зерттеуге дейін 2-3 сағат бұрын темекі шекпеу керек;
  • бірнеше күн бұрын толығымен қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдамау керек, егер ол мүмкін болмаған жағдайда дәрігерді ескерту қажет зертханаға баратын күні жаттығулар жасамау керек және абыржуға/күйгелектенуге болмайды.