Иммуноглобулиндер (антидене) – бөгде агенттерден (микроағзалар, токсиндер) қорғану үшін иммундық жүйе жасушаларымен бөлінетін арнайы нәруыздар. Атқаратын қызметтеріне байланысты антиденелердің 5 түрін ажыратады: A, D, E, G, M.
IgG – барлық антиденелердің ішіндегі ең саны көп (жалпы санның 80% ) топ, бұл осы иммуноглобулиннің маңыздылығын білдіреді. Іс жүзінде IgG ағзаны барлық бөгде агенттерден (антигендерден), соның ішінде бактериялардан, саңырауқұлақтардан, вирустардан, токсиндерден… қорғайды. Иммуноглобулин G ұрық ағзасына ұрықжолдасы арқылы өтеді және баланың нәрестелік шағында иммундық жүйесінің өздігінен әртүрлі инфекциялармен күресуге қабілетсіз жағдайында маңызды факторға айналады.
G антиденесінің әсер ету механизмі әрқилы. Олар антигенді ыдыратып қана қоймай, күрделі «зиянкестерді» иммунды жүйенің жасушаларымен бұзуға ықпал жасайды. IgG тағы бір ерекшелігі – микроағзаны «есте сақтап қалу» қабілеті бар және бөгде агент қайталап ағзаға жанасқан кезде аурумен әлде қайда жылдам күреседі.
Қанда арнайы IgG (мысалы хламидияларға) анықталуы аурудың созылмалы түрі туралы айтады – бұл жағдайда хламидиоз.