Иммунограмма – бұл иммундық жүйені бағалауға бағытталған қанның зерттеуі. Берілген зерттеу бірнеше көрсеткіштерді біріктіруші, иммунитет жұмысын сипаттайтын кешен.
Әдетте адамның иммундық қорғаныштың негізгі параметрлерін анықтайды:
- лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) саны және функционалдық қабілеті, олардың пайыздық ара қатынасы; ·
- жасушалық иммунитет – Т- және В –лимфоциттер және олардың популяцияларының жалпы саны;
- гуморальды иммунитет - А, М, G, Е класындағы иммуноглобулиндердің (антиденелердің) деңгейі;
- комплимент жүйесінің (комплименттің С3 және С4 компоненттері) көрсеткіштерін анықтау.
Иммунограмма бүтін иммундық жүйені бағалауға мүмкіндік береді және ол иммунды тапшылықты диагностикалауда негізгі зерттеу ретінде тағайындалады.
Иммунды тапшылық – бұл иммундық жүйе жұмысының жеткіліксіздігі. Иммундытапшылықтың негізгі көріністері – жұқпалы аурулардың ауыр ағымына бейімділік.
Зерттеуге көктамырдан алынған қан қажет етіледі. Талдауды етеккір кезінде, жедел инфекциялық және қабынулық аурулар кезеңдерінде тапсыру ұсынылмайды.
ИММУНОГРАММАҒА ҚАН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Ø талдау таңертеңгі сағат 7-ден 10-ға дейін тапсыру керек;
Ø зертханаға аш қарында келу, ашығу аралығы 8-12 сағат;
Ø зерттеуге дейін 24 сағат бұрын ішімдік қабылдамау керек;
Ø зерттеуге дейін 2-3 сағат бұрын темекі шекпеу керек;
Ø бірнеше күн бұрын толығымен қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдамау керек, егер ол мүмкін болмаған жағдайда дәрігерді ескерту қажет.
Ø зертханаға баратын күні жаттығулар жасамау керек және абыржуға/күйгелектенуге болмайды.