Барлық ЕММ орындалатын кең таралған талдау. Онсыз бір де бір емдеу мүмкін емес. Бұл зерттеуге келесі көрсеткіштер кіреді:
- Гемоглобин
- Эритроциттер саны
- Түсті көрсеткіш
- Тромбоциттер мен лейкоциттер саны
- Лейкоциттік формула
- Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ/СОЭ)
Әрбір компонентке толығырақ тоқталайық.
Гемоглобин – газ алмасуда негізі рөлді атқаратын қан нәруызы. Ол өкпеде оттегімен байланысып, оксигемоглобин болады, әрі қарай ұлпаларға барып оттегіні беріп, көмірқышқыл газын өзімен алады (карбгемоглобин). Одан кейін өкпеге келеді де деммен шығарылады. Неліктен бізге оттегі қажет? Заттар тек оттегі жүрген жерде жанатыны барлығымызға белгілі. Солай ағзаның жасушаларында жүреді. Заттар (нәруыр, майлар, көмірсулар) оттегімен өзара әрекеттесуден кейін өңделеді. Бұл анемия кезінде (гемоглобин жетіспеу) адамның әслісздік сезімімен түсіндіріледі, өйткені ағзаға «отын» жетпейді.
Эритроциттер саны – екі жағы да ойынқы диск пішіндес қызыл қан денешіктерінің саны. Мұндай пішіннің болуы кездейсоқ емес, бұл минимальды көлемде эритроциттерде гемоглобиннің (ол эритроциттердің қабырғасында болады) оттегімен жанасу алаңын кеңейтуге көмектеседі, сондай-ақ «иіліп» тар капиллярлардан өтеді. Эритроциттер санының төмендеуі оларды жоғары зақымдануын немесе жеткіліксіз өндірілуі туралы айтады.
Түсті көрсеткіш – бір эритроциттегі гемоглобиннің орташа санын көрсетеді. Бұл талдау дәрігерлерге анемияның ықтимал себептерін (ондай себептер өте көп) – тағамда темірдің жетіспеуінен бастап В дәруменнің сіңірілуіне кедергі келтіретін асқазандағы полипке дейін анықтауға көмектеседі.
Тромбоциттер саны – қан ұю үрдісіне қатысатын (қан ағуды тоқтату) қан жасушаларының саны. Олардың саны төмендеген кезде кенеттен қан кетулер, ота жасау барысында асқынулардың болуы қауіптері артады. Тромбоциттер құрамының артуы қанның «қоюлануын» және тромб түзілу ықтималдығы туралы білдіреді.
Лейкоциттер саны – «құтқарушы» жасушалар саны. Лейкоциттердің қызметі – барлық бөгде агенттермен (бактериядан бастап өсімдік тозаңына дейін) күресуден тұрады. Мысалы: адам асүй пышағымен жарақаттанды. Жарақатқа микроб түсті делік, бір күннен кейін біз сол жарақттың бетінде ақ жолақты (іріңді) байқаймыз. Ол қайдан пайда болды? Бұл бактерияны «жұтып», оларды зиянсыздандырған өлі лейкоциттер. Осылайша лейкоциттер санының артуы, ағзада болып жатқан қабыну реакциясы туралы айтады.
Лейкоциттік формула – лейкоциттер түрлерінің ара қатынасы: нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер, моноциттер және лимфоциттер. Әр түр өзінің өызметін атқарады. Нейтрофил – бактериялармен күреседі, эозинофилдер – гельминттермен және жедел типтегі (есекжем, Квинке ісінуі) аллергиялық реакцияларға қатысады, базофилдер – аллергенмен жанасу болған соң бірнеше күннен кейін пайда болатын баяу аллергиялық реакциялар. Сол немесе өзге де жасушалардың көбеюі нақты диагноз қою үшін дәрігерлерге әрі қарай зерттеу алгоритмін көрсетеді.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы – шыны түтікше түбінде еркін қалықтап «жүзіп» жүрген эритроциттердің тұнуы жылдамдығын (мм/сағат) көрсетеді. ЭТЖ жоғарлауы – ағзада «бір нәрсе дұрыс еместігін», яғни кәдімгі суық тиюден, тамақтан уланудан бастап ауыр қатерлі ісікке дейін білдіретін индикатор. Қорыта келгенде, жалпы қан талдауы – аса қол жетімді, адамның жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін, жедел қабыну реакцияларын, анемияны, аллергияны көре алатынымызды айтуға болады. Алайда, емделушінің денсаулығын толық сипаттау үшін басқа клиникалық деректердің нәтижелерімен бағалау қажет екенін ұмытпаған жөн!"