Ағзада энергетикалық қызметті атқаратын жасушаішілік фермент. Көп мөлшерде бұлшықеттерде, сәл азырақ мида болады. Осыған байланысты ферменттің 2 қосымша үлгісін ажыратады – милық және жүректік.
Фермент жасуша ішінде болғандықтан оның қан құрамында артып кетуі осы жасушалардың бұзылысы туралы куәландырады.
Миокард инфарктісін диагностикалау кезінде кең таралған талдауды иеленген – креатинкиназа, ол ауру басталғаннан кейін 2-4 сағаттан кейін қан сарысуында анықталады. Креатинкиназа ең биік көрсеткішке 24-36 сағатта жетеді және 5-20 рет қалыпты көрсеткіштен асып түседі. КФК - миокард инфарктісі маркерлерінің ішінде алғашқы маркердің бірі деп атауға болады. Бірақ КФК деңгейінің артуы тек миокард инфарктісін білдірмейді.
Басқа да себептерден КФК жоғарлауы мүмкін, олар: миокардиттер және миозиттер (бұлшықеттің қабыну), қаңқа бұлшықеттерінің травмалық жарақаты.
Креатинказаның жоғары белсенділігі жүйке жүйесі жағынан аурулар:
- шизофрения,
- маниакалды-депрессивті синдром,
- психотроптық дәрі-дәрмектермен шақырылған аурулар болған кезде байқалады.
Қалқанша безінің жоғары белсенділігі КФК деңгейін төмедетеді, белсенділігі төмен болғанда – артады. Ішімдік пен гормональды дәрі-дәрмектер (преднизолон) қан сарысуында креатинкиназа құрамын жоғарлатады.