Әрбір мүше, әсіресе жүрек, бұлшықет және бүйрек бұл таптырмайтын микроэлементке мұқтаж. Ағзада шамамен 25г магний бар, оның 60% тістер мен сүйектердің құрамына кіреді. Магнийсіз жүйке-бұлшықет аппараты қызмет жасай алмайды (теориялық тұрғыда егер адамның ағзасында бұл микроэлемент болмаса, онда жүрек соғысы болмас еді). Магнийдің қатысуынсыз бір де бір нәруыздық молекула түзілмейді. Ол кальций, мырыш, калий, мыс, Д дәруменнің деңгейін реттейді.
Егер адам тағаммен жеткілікті мөлшерде магний қабылдамаса, бұл оның жеткіліксіздігіне (егер ағзадағы қоры азайса, магний сыртқа шығарылмайды) себеп болуы мүмкін. Шындығында тапшылық әртүрлі аурулардың салдарынан туындайды:
- ұзақ диарея
- ішек арқылы магнийдің «шайылып кету» жүреді;
- барлық микроэлементтердің шығуын күшейтетін бүйрек аурулары;
- кальций деңгейінің жоғарлауы, бұл магнийдің физиологиялық «қарсыласы». ағазада кальций неғұрлым көп болса, соғұрлым магний аз болады және тиісінше, керісінше;
- ағзадан магнийдің шығуына әрекет жасайтын дәрі-дәрмектерді қабылдау (антибиотиктер, зәр айдайтындар).
Магний жеткіліксіздігі (гипомагнемия) денсаулыққа айтарлықтай мәселелер туғызады. Клиникалық тәжірибеде диагностикалаудан гөрі, оның тапшылығы әлдеқайда жиі (стационарда 10% жуық науқастар) пайда болады. Жүктілік кезеңінде гипомагнемия токсикоздардың, түсік тастаудың және мерзімінен бұрын босанудың себепкері болады.
Магний қан тамырлар қабырғасының тонусын реттейді – оның босаңсуына және артериалдық қан қысымының төмендеуіне әрекет жасайды. Бұдан басқа, тромб түзілуге тосқауыл болады. Демек, жоғары қан қысымы, тромбоз, инсульт немесе инфаркт болған науқастар өзінің магний деңгейін білгені абзал. Магний басқа элементтердің құрамын реттейді және оның концентрациясы төмендегенде электролититтік тепе-теңдік бұзылысы жүреді. Мұндай жағдай ұйқышылдық, естің шатасуы, қолдың дірілі және тіпті тырысу талмасы және жүрек жұмысының ырғағының бұзылу берлгілерімен көрінеді.
Сондай-ақ қанда магний деңгейінің артуы науқастың денсаулығына зардабын тигізеді. Бұл жағдайлар бүйрек және бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, құрамында магний және литий бар дәрі-дәрмекті артық мөлшерде ішкеннен, гепатиттер салдарынан болуы мүмкін.
Магний концентрациясы 5-10 мэкв/л болғанда жүрек жұмысының бұзылысы жүреді, 115 мэкв/л болғанда – тыныс алу тоқтайды; 25 мэкв/л аса – жүректің жұмысы тоқтайды.
Сондай-ақ оқыңыз: "Магний туралы ұмытпаңыздар!", "Адам ағзасында магнийдің рөлі"