Қанның жалпы талдауы (ҚЖТ) - бұл қанның нысанды элементтерінің негізгі сыныптарын сандық және сапалық бағалау үшін пайдаланылатын ең кең таралған зертханалық зерттеу.Зерттеу гемоглобин деңгейін, гематокриттің мөлшерін, қанның формалық элементтерінің шоғырлануын (эритроциттер - MCV, RDW, MCH, MCHC, лейкоциттер, тромбоциттер) анықтауды қамтиды.
Әдеттегідей,ағзада қабыну үдерістерінің болуын/болмауын бағалау үшін бұрын ҚТЖ-мен бірге эритроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) анықтады.Жүз жылдан астам уақыт бойы бұл тест жұқпалы ауралардан, әртүрлі этиологиядағы қабынудан, ісіктердің дамуынан туындаған қабыну үдерістерінің ауырлық дәрежесін анықтау үшін қолданылады.
Алайда, қабыну эритроциттердің шөгуінің жеделдеуінің (жоғарылауының) ең жиі себебі болып табылғанымен, ЭШЖ ұлғаюы басқа да, оның ішінде әрдайым патологиялық емес жағдайларға да байланысты болуы мүмкін.Нәтижесінде, ҚТЖ анықтамасының нәтижелері зерттелетін көрсеткішке болжамды параметрлерден басқа ешқандай параметрлер әсер етпеген кезде ғана сенімді деп санауға болады.
Реактивті ақуыз (СРА) - бұл жасушалардың қабынуына немесе өліміне жауап ретінде организмде алғашқылардың бірі өндірілетін ақуыз. ЭШЖ-нан айырмашылығы, СРА қабыну мен некроздың неғұрлым ерекше және неғұрлым сезімтал сапалық және сандық зертханалық индикаторы болып табылады: СРА әлдеқайда ерте көтеріледі және тез төмендейді (СРА - 6-10 тәулік; ЭШЖ - 2-4 апта).
Бұл бактериялық және вирустық жұқпаларды, созылмалы қабыну ауруларын, онкологиялық ауруларды, хирургия мен гинекологиядағы асқынуларды және т.б. емдеу тиімділігін мониторингілеу мен бақылауда талдауды кеңінен қолдануды түсіндіреді.