Кері қайту
Ферритин

Ферритин – темірдің әрі қарай пайдалану үшін қорландырып алатын ағзаның негізгі нәруызы. Негізінен бауыр, көкбвуыр, қызыл сүйек кемігінде және жетілмеген күйде қызыл қан жасушаларында (ретикулоциттер) болады, шамалы мөлшерде қан айналымында жүреді, дегенмен оның қандағы концентрациясы ағзадағы темір қорының деңгейін көрсетеді. Сондықтан қандағы ферритиннің төмен мөлшері – темір қорының азаю белгілерінің бірі!

Тексерілушінің гемоглобин немесе сарысулық темін деңгейлері қалыпты болуы мүмкін, бірақ қосымша ферритинге талдау жүргізсе, онда оның тапшылығы анықталуы мүмкін! Бұл жағдайда ағза қалыпты қызметін жүзеге асырады, алайда ферритин қоры азайғанда анемия дами бастайды. Бұл темір құрамдас дәрі-дәрмектерді тағайындауға көрсеткіш болып табылады. Ауруды алдын алу ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда орынды!

Ферритиннің жоғарылауы төмен диагностикалық құндылыққа ие, өйткені бұл жедел немесе созылмалы қабыну нәтижесінде де болуы мүмкін.

Алайда, ферритин деңгейінің төмендеуіне байланысты анемия дамуының 3 сатысының бірін бағалауға болады:

  • Темір қорының төмендеуі. Симптомдары жоқ, гемоглобин қалыпты, ферритин төмендеген
  • Теміртапшылық эритропоэз. Гемоглобин төмендей бастайды, ферритин жоқ немесе айтарлықтай төмендеген
  • Теміртапшылық анемия. Гемоглобин, сарысулық темір, трансферрин төмендеген.

Бұдан басқа ферритин деңгейін бақылап отыру анемия емінің үрдісіне қажет, өйткені ол жүргізіліп отырған емнің динамикасын көрсетеді.