Қан сарысуындағы миоглобинді иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау
Миоглобин-қаңқа бұлшықеттері мен жүрек бұлшықеттерін (миокард) оттегімен байланыстыратын ақуыз. Оның негізгі қызметі- бұлшықеттерде қажет болған жағдайда жұмсалатын, оттегінің уақытша жетіспеушілігін толтыратын оттегі қорын құру.
Миоглобин бұлшық ет тінінің қабынуы немесе зақымдануы болған кезде қанда жоғарылайды және олар болмаған кезде іс жүзінде анықталмайды. Ерекше маркер болып табылмайды және бұлшық ет аппаратының патологиясымен байланысты көптеген патологиялық жағдайларда өзгеруі мүмкін.
Миоглобин бүйректермен сүзіледі және зәрмен ағзадан шығарылады. Егер бұлшық еттердің жаппай зақымдануы орын алса, мысалы, ауыр жарақат салдарынан ол қанға көп мөлшерде түседі және бүйректің жіті жеткіліксіздігін тудырып бүйректі зақымдауы мүмкін.