Тропониндер кардиомиоциттер миофиламенттерінің сіресімдік элементімен байланысты миокард үшін ерекше реттеуші ақуыздар болып табылады.
Бұрын клиникалық тәжірибеде бұл маркер миокардтың жіті зақымдануының басты биомаркері ретінде өзін жақсы көрсетті. Клиникалық деректерді (кеуде ауруының белгілері, демігу, жүрек соғуының жиілеуі, есінен тану және т.б.) және функционалдық деректерді (электрокардиография, эхокардиография) толықтыра отырып, миокард инфарктісінің диагнозын қою үшін негіз болып табылады.
Қазіргі уақытта жалпы популяцияда жүрек-қан тамырлары оқиғаларының (ЖТО) даму қатерін айқындау - жоғары сезімтал тропонинді жаңа клиникалық пайдалану мүмкін болды. Маркердің бұл қосымша диагностикалық маңыздылығы «Жоғары сезімтал тропонин-I» тест-жүйесінің жоғары сезімталдығының арқасында пайда болды, ол қандағы, оның ішінде дені сау адамдардағы жүрек тропонинінің-І өте төмен шоғырлануын анықтауға мүмкіндік береді.
Соңғы зерттеулерге сәйкес клиникалық көріністер болмаған кезде Тропонин-I у деңгейі миокард инфаркты, жүрек жетіспеушілігі, ишемиялық инсульт, коронарлық реваскуляризация және жүрек-қан тамырлары өлімі сияқты ЖТО дамуының тәуелсіз болжамы болып табылады. Бұдан басқа, ағзада тропонин-I деңгейі жоғары қауіп-қатер көрсеткіштеріне жақындаған дені сау адамдарда МИ және инсульт дамуының жоғары қаупі байқалды.
Қазіргі заманғы жүрек-қан тамыры профилактикасының негізінде ЖҚА туындау қаупін болжау жатыр. Қандағы жоғары сезімтал I тропонинді зерттеу ЖҚА алғашқы белгілері пайда болғанға дейін тәуекел топтарын анықтау мақсатында шартты сау адамдарды тексеру үшін қолданылуы мүмкін, бұл науқасты басқару тактикасын айқындауға және қолайсыз нәтижелердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қандағы тропонин-I деңгейіне байланысты жүрек-қан тамыры қаупі төмен, орташа және жоғары болуы мүмкін.
Жоғары сезімтал тропонин-I концентрациясын зерттеу жүректің ишемиялық ауруы, диабет, инсульт аурулары бар адамдарда статиндермен емдеудің тиімділігін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін. Соңғы зерттеулердің деректеріне сәйкес тропонин-I жалпы холестерин мен ТТЛ (төмен тығыздықты липопротеидтер) деңгейінің төмендеуіне қарамастан, болжамдық тұрғыдан неғұрлым қолайлы белгі болып табылады.