Жүктілік – бұл әйел адам мен ер адамның өміріндегі өте маңызды және жауапты кезең. Сондықтан жүктілікті жоспарлаған кезде әйел адам моральды тұрғыда және физикалық тұрғыда дайын болу керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта абсолютті дені сау адамды кездестіру өте қиын, бірақ әйел ағзасы ұрықтануға, бала көтеруге және босануға максимальды дайын болу қажет.
Дені сау баланың анасы болғыңыз келсе – өзіңіздің денсаулығыңыз жайлы алдын ала қамдану керек! Жүктілік уақытында турасын айтқанда, денсаулық сіздің екеуіңізге жету керек, себебі балаңызға «мирастыққа» тек ең жақсысын беру қажет. Сондықтан ана болу жолының бірінші қадамы – «ОЛИМП» КДЗ-да «Жүктілікке дайындық» бейініне тапсыру.
Жүктілікке дайындық – бұл ұрықтануға дайындық. Жүктілікке қай уақытта дайындықты қашан бастау керек? Ең дұрысы – 1 жыл бұрын, ең кем дегенде 3 ай бұрын дайындалу керек. Алдағы жүктілікті сәтті жоспарлаудың кепілі - әр болашақ ана өз ағзасын алдағы маңызы аса зор оқиғаға дайындауға деген жеке қалауы болып табылады.
Жүктілікті жоспарлау үшін ағзаның жағдайын кешенді бағалауға келесідей арнайы диагностикалық бейін әзірленген: «Жүктілікке дайындық. Әйелдер. Базалық тексеру» келесі зерттеулерді қамтиды:
1. Лейкоциттік формуламен бірге жалпы қан талдауы* (ЖҚТ)
2. Жалпы билирубин
3. Мочевина/несепнәр
4. Креатинин
5. Глюкоза (қандағы қант)
6. В12 дәрумені
7. Фолий қышқылы (фолат)
8. Микроскопиямен бірге зәрді физико-химиялық тексеру
9. Жағындыны тазалық дәрежесін тексеру
10. ТТГ (тиреотропты) ультрасезімтал
11. ФСГ (фолликулынталандырушы гормон)
12. ЛГ (сарыдене гормон)
13. Пролактин
14. Эстрадиол
15. Тестостерон
16. HBsAg (V2) (В гепатиті – беткейлік немесе австралия антигені)
17. Anti-HCV (С гепатиті)
18. Anti-Rub IgМ (қызамық вирусына IgМ антиденесі)
19. Anti-Rub IgG (қызамық вирусына IgG антиденесі)
20. Anti-Toxo IgM (Toxoplasma gondii IgM антиденесі)
21. Anti-Toxo IgG (Toxoplasma gondii IgG антиденесі)
22. Anti-CMV-IgG (Цитомегаловирусқа IgG антиденесі)
23. Герпес вирусына IgG антиденесі
24. Мерез (Treponema pallidum жиынтық антиденелер)
25. Флороценоз NCMT (Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia trachomatis, Mycoplasma genitalium, Trichomonas vaginalis)
Жоғарыда тізімделген зерттеулер келесі мүшелер мен жүйелердің: эндокриндік жүйе, бауыр және бүйрек жағдайын кешенді бағалауға, жұқпалы ауруларды және ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды) жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Осы зерттеулердің нәтижелерін негізге ала отырып, сіз келешектегі жүктілікке максималды дайын бола аласыз.