«Анемияны диагностикалау» бейініне келесі талдаулер кіреді:
- Лейкоциттік формуламен жалпы қан таладуы (ЖҚТ)
- Ретикулоциттерді санау
- Темір (Fe)
- Трансферрин
- Ферритин
- Жасырын темір байланыстырушы қабілет (ЛЖСС)
- В12 дәрумен
- Фолий қышқылы
Анемия диагностикасы – ағзада темір тапшылығын анықтау үшін кешенді тексеру және ауруды адекватты емдеу үшін бұл жағдайын себептерін анықтау қажет.
Жалпы қан талдауы (ЖҚТ) – гемоглобин, эритроциттер (гемоглобин тасымалдаушы жасушалар) санын анықтау және анемияның түрін (осы ек көрсеткіштің ара қатынасы бойынша) нақтылау үшін қажет.
Ретикулоциттерді санау – ретикулоциттер, бұл жетілмеген қызыл қан денешіктері (эритроциттер). Егер ағза эритроциттерді белсенді өндірсе, олардың қандағы деңгей жоғарлайды.
Трансферрин, ферритин, жасырын темір байланыстырушы қабілет (ЛЖСС), В12 дәрумені және фолий қышқылы анемия себебін айқындау үшін қажет. Көп жағдайда темір дәрі-дәрмектерін қабылдау мәселені шешпейді, тек аурудың себебін жойғаннан кейін ғана қандағы темірдің қалыпты көрсеткіші орнына келеді.
Назар аударыңыз! Бейін бойынша арнайы баға қарастырылған!