Арнайы баға қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:
- Қандағы глюкоза
- Гликирленген гемоглобин
- Инсулин
- Зәрдегі глюкоза
- Жалпы зәр талдауы (кетондар)
«Қант диабетінің диагностикасы» - диабетті анықтау үшін және оның ағымын бақылау үшін қажет бейін.
Глюкоза – қант диабетін диагностикалау үшін және айқын көрінісін бақылау үшін скринингтік талдау; Гликирленген (гликозилирленген) гемоглобин – қант диабетін диагностикалауда аса нақты әдіс, өйткені ол қан алу кезінде емес, бір ай ішінде қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауын көрсете алады.
Инсулин – глюкоза концентрациясын реттеуге қатысатын негізгі гормон. Оның жеткіліксіздігі кезінде қант диабеті туындайды. Зәрдегі глюкоза – қалыпты жағдайда зәрде болмайды. Зәрдегі глюкозаның мөлшері бойынша қант диабетінің ауырлық дәрежесін айтуға болады.
Зәрдегі кетондар – кетондық денелер қант диабеті кезінде түзіледі. Олардың зәрде анықталуы осы аурудың белгісінің бірі.
Назар аударыңыз! Бейін бойынша арнайы баға қарастырылған!