Кері қайту
«Толық интимді» профилі (әйелдер, ПТР қырынды + қан)

Біз жыныстық жолмен берілетін ауруларды диагностикалау үшін талдаулар тізімін кеңейттік және жаңа профиль енгіздік «Интимдік толық».

Профиль құрамында стандартты талдаулардан басқа АИТВ және мерезге талдау қосылды. Арнайы баға қарастырылған профиль келесі талдауларды қамтиды:

  • Иммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуындағы адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) жиынтық антиденелерді анықтау
  • Сифилис (Treponema pallidum жиынтық антиденелер)
  • Хламидиоз (Chlamydia trachomatis)
  • Микоплазмоз (Mycoplasma genitalium)
  • Уреаплазмоз (Ureaplasma species)
  • Гарднереллез (Gardnerella vaginalis)
  • Трихомониаз (Trichomonas vaginalis)
  • Кандидоз (Candida albicans)
  • Цитомегаловирус (CMV)
  • Герпес I, II түрлері (HSV I, II)
  • Гонорея (Neisseria gonorrhoeae)

Интимдік профиль ең жиі кездесетін жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Алу материалы: қырынды+қан.