Кері қайту
«Жыныстық (Интимді)» профилі (ПТР, материал – зәр, ерлер)

Арнайы баға қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:

  • Хламидиоз (Chlamydia trachomatis)  
  • Микоплазмоз (Mycoplasma genitalium)  
  • Уреаплазмоз (Ureaplasma species)  
  • Гарднереллез (Gardnerella vaginalis)  
  • Трихомониаз (Trichomonas vaginalis)  
  • Кандидоз (Candida albicans)  
  • Цитомегаловирус (CMV)   
  • I, II типті герпес (HSV I,II)  
  • Соз /гонорея (Neisseria gonorrhoeae)

Жыныстық бейін жыныстық жолмен берілетін ең жиі кездесетін инфекцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда биоматериал ретінде зәр пайдалынады, яғни яғни сізге ұяттан күйіп қалудың қажеті жоқ және ауырсынуға төзе отырып, несеп жолынан қырынды алу сияқты жағымсыз процедураны өткізудің қажеті жоқ, өйткені бұдан былай сізге қажет нәрсенің бәрі таңертеңгі зәрдің бірінші бөлігін арнайы құтыда әкелу керек.

Сіздің әкелген материалды ПТР әдісімен зерттейді және өзінің диагностикалық дәлдігі бойынша несеп жолынан алынған қырындының ПТР-зерттеуден еш кем түспейтін зерттеу нәтижелерін қысқа мерзімде ала аласыз. ПТР әдіс – тікелей жағынды алу орнынан 9 микробтың болуын анықтайтын аса нақты және қымбат тұратын әдіс.