«Кардиоқауіп» кеңейтілген профилi
«Кеңейтілген кардиоқауіп» профилі келесі талдауларды қамтиды:
- Триглицеридтер
- Жалпы холестерин
- Холестерин-ЖТЛП
- Холестерин-ТТЛП
- Аполипопротеин А1
- Аполипопротеин В
- Глюкоза
- С-реактивті ақуыз Кардио (жоғары сезімтал)
- Атерогенділік индексі
- Тропонин I
- Липопротеин (а)
Профиль жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін, сондай-ақ бұрыннан бар патологиялардың ауырлығын көрсетеді. Профильдің 3 нұсқасы бар: стандартты, толық және кеңейтілген.
- Триглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар.
- Жалпы холестерин - бұл ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық құрамдас бөлігі. Холестериннің шамадан артық болуы атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына әкеледі. Холестеринді шартты түрде 2 түрге бөлуге болады:»пайдалы»- ЖТЛП және «зиянды» -ТТЛП
- ТТЛП – атеросклеротикалық түйіншіктерді құрайтын холестерин түрі.
- ЖТЛП-антиатерогендік қасиеттері бар холестерин түрі.
- Атерогенділік индексі (тегін) - атеросклероздың даму қаупінің дәрежесі.
- Глюкоза-қандағы глюкозаның артық болуы қант диабетін көрсетуі мүмкін (барлық жағадйда емес)
- Аполипопротеин А1 – атеросклероздың дамуын болдырмау үшін қажет зат
- Аполипопротеин В – организмде холестериннің жиналуына ықпал ететін зат.
- C - реактивті ақуыз кардио-атеросклероз ауырлығын көрсетеді.
- Тропонин-I - қандағы, оның ішінде дені сау адамдардағы жүрек тропонинінің өте төмен концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.Қандағы тропонин-I деңгейіне байланысты жүрек-қан тамыры қаупі төмен, орташа және жоғары болуы мүмкін.