«Кардиоқауіп» стандарты профилi
Бейін жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупін, сондай-ақ қолда бар патологияның ауырлығын көрсетеді. Бейіннің 3 нұсқасы қарастырылған: стандартты, толық және кеңейтілген. «Стандартты» әдетте емханаларда кең таралған көрсеткіштер бойынша тексеруді түсіндіреді. Бейін минимум диагностикалық ақпаратты береді, бұл жүрек-қан тамырлар жүйесі жағынан айқын мәселелері жоқ, қауіп тобына (жасы, зиянды әдеттері, асқынған тұқымқуалаушылық) жатпайтын науқастар үшін тура келеді.
- Үшглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар.
- Жалпы холестерин – ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық компоненті. Холестериннің шамадан тыс болғаны атеросклероздық түйіншектердің түзілуіне әкеледі. Холестеринді шартты түрде 2 түрге бөлуге болады: «пайдалы» - жоғары тығыздықтағы липопротеин (ЖТЛП) және «зиянды» - төмен тығыздықтағы липопроитеин (ТТЛП)
- ТТЛП – атеросклероздық түйіншектерді қалыптастыратын холестерин түрі.
- ЖТЛП – антиатерогендік қасиеті бар холестерин түрі.
- Атерогендік индекс (тегін) – атеросклероз даму қаупінің дәрежесі.
- Глюкоза – қанда глюкозаның шамадан тыс көп болуы қант диабетінің болуын (әрқашан емес) айғақтайды.