«Коагулограмма» профилі
Коагулограмма – қан ұю жүйесінің көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық талдау. Коагулограмма түсінігіне келесі көрсеткіштер кіреді:
- БІТУ/АЧТВ (белсенді ішінара тромбопластиндік уақыт) – бұл ұйысқан қан түзілу кезеңінің уақыты.
- Фибриноген – бауырда өндіріліп, фибринге айналатын нәруыз, қан ұю кезінде ұйысқан қанның негізі болып табылады. Ақырында фибрин тромб түзеді, бұл соңында қан ұю үрдісін аяқтайды.
- Тромбиндік уақыт – фибриноген ізашарынан фибриннің түзілу уақытын көрсетеді.
- Протромбиндік уақыт ПТИ және ХНҚ анықтаумен бірге – ағза ұлпаларына зақым келгеннен кейін пайда болатын қанның арнайы ұю факторлары оған енген кезде ұйысқан қанның пайда болу уақыты. ПТИ - бақылау ("қалыпты") плазмасының ұю уақытының емделуші плазмасының ұю уақытына қатынасы. ХНҚ - бұл индекс қан ұюдың сыртқы жолының белсенуін көрсетеді.
Бұл талдауды тәжірибеде қолдану қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектердің мөлшерін бақылау болып табылады. Яғни дәрілік заттың керекті мөлшерін таңдауға қажет.