Кері қайту
"Диетада" профилі

Диета ұстап жүрсіз, бірақ нәтижесі жоқ па?

Сіз ақуыздар, көмірсулар, майлар, витаминдер мен микроэлементтердің артық болуы мен шектелуінің сіздің денсаулығыңызға теріс әсер ететіні туралы білдіңіз бе? Сондықтан сіз үшін арнайы құрамына келесі 24 талдау кіретін  «Диетада» профилін әзірледік:

Гормондар:

  • Лептин -  майлы жасұнық шығаратын және миға тоқтық белгісін жеткізетін «тоқтық» гормоны. Аталған механизм жұмыс істемеген кезде адам тамақ ішеді, лептин көбейеді, майлы тін ұлғаяды және нәтижесінде арықтау үдерісі баяулай түседі немесе сол қалпы қалады да, түзетуді қажет ететін лептинге резистенттілік дамиды. Лептиннің әйелдердің жыныс гормондарын құрауға қатысатынын түсінген жөн және ол нормадан төмен болса, онда бедеуліктің даму ықтималдығы бар 
  • ТТГ (тиреотропты гормон) - қалқанша безі қызметінің көрсеткіші, ол төмендегенде (гипотиреоз) диеталардың пайдасы болмауы мүмкін. Себебі қалқанша безі гормондарының жетіспеушілігі зат алмасуының бәсеңдеуі есебінен май массасының жиналуына әкеледі  
  • Пролактин - гипофиз гормоны, ол көтерілгенде тәбет артады және бұл кез келген диетаның ұстануына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, пролактин метаболизмнің белсенді үдерістері, инсулин мен глюкоза ара қатынасын реттеуге жауап беретін эстрадиол мен тестостерон шығаратын аналық бездерінің жұмысын тежеу арқылы салмаққа әсер етеді. Ер адамдарда жоғары пролактин гинекомастияға және либидоның төмендеуіне әкеледі. Екі жынысты да бедеулікке әкеледі.
  • Эстрадиол - әйелдердің басты жыныс гормондарының бірі, ондағы тепе-теңдіктің бұзылуы артық килограммдар жинауға әкеледі. Ер адамдарда артық салмақтың болуы олардың денсаулықтарына теріс әсер ететін - ағзада тестостеронның құралуының төмендеуіне және оның эстрадиолға айналуына әкеледі.
  • Тестостерон - «майды кетіруде» күшті әсер ететін, әйелдер үшін де маңызды ер адамдардың басты жыныс гормоны.  
  • Кортизол. Кортизолдың үнемі жоғары болуы бұлшықет массасының бүлінуіне және қанттың көбеюіне әкеледі және бұл майлы тін құралуын арттырады

Витаминдер мен микроэлементтер:

  • D витамині (25-ОН). Жыныс гормондарына әсер ету арқылы оның жетіспеушілігі  кальцийдің сіңімділігіне кедергі келтіреді, сүйектердің нәзіктігіне, иммунитеттің төмендеуіне, салмақтың артуына әкеледі 
  • В12 витамині. Негізгі көзі - жануарлардан алынатын азық, ағзаның әр жасушасының жұмысына қатысады, қан түзілімі мен жүйке жүйесінің қызметі үшін өте маңызды 
  • Ферритин - темір қорының көрсеткіші. Өкінішке қарай, диета жануарлардан алынатын азықты шектесе және өсімдіктен жасалған тамақтан тұрса, ал өсімдіктен жасалған тамақта темір аз болғандықтан, оның жетіспеушілігі қандағы гемоглобиннің азаюы мен анемияға әкеледі. 

Май алмасуы:

  • Триглицеридтер - май алмасудың көрсеткіші
  • Жалпы және тікелей билирубин, Аланинаминотрансфераза (АЛТ) , Аспартатаминотрансфераза (АСТ), Сілтілік фосфатаза (СФ), Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП) - бұл диеталар кезінде, әсіресе көп мөлшерде майлардан, өсімдік және малдың майынан тұратын кето диетада бақылауы маңызды болып табылатын бауырдың күйін танытатын көрсеткіштер 
  • Холестерин. Холестериннің жетіспеушілігі жыныс гормондарының түзілуін төмендетеді, тіпті бедеулікке және ағзаның D витамині мен кальцийді сіңіре алмауына әкеледі

Ақуыз алмасуы:

  • Жалпы ақуыз. Егер сіз вегандықты ұстансаңыз, өсімдіктен жасалған тамақтан жеткілікті ақуыз мөлшерін алатыныңызға көз жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіш 
  • Альбумин - ұзақ ашығу, бауырды май басу (гепатоз), бүйректің қиындықтары кезінде төмендейді, сырттай «ашығудан пайда болған ісіктер» сияқты көрінуі мүмкін
  • Креатинин - бүйрек қызметінің басты көрсеткіші. Интервалды ашығу, кетодиета және басқа да тамақты шектеу түрлері кезінде адамның күйін мониторингілеуде маңызды 
  • Несеп қышқылы (қанда) - егер тамақтану рационында мал ақуызы көп болса, бұл несеп қышқылы тұздарының жиналуына және бүйректің бөліп шығару қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде подагра және несеп-тас ауруы дамиды

Көмірсу алмасуы:

  • Инсулин - ағзадағы көмірсу алмасуын реттейді, май алмасуына әсер етеді: ағзаға көп глюкоза түссе бауыр гликоген немесе май қышқылдары түрінде қор жинай бастайды.  Басқа да клиникалық көріністерімен қатар жоғары деңгейде болуы инсулинге резистенттілікті растайды. 
  • Гликозирленген гемоглобин - глюкозаның соңғы 3 айдағы шыңдық мәнін көрсетеді
  • ЖҚТ. Ағзаның жалпы күйінің скринингтік талдауы 

 

Бейінде гормондар болғандықтан, әйелдерге бейінді циклдің 3-7-күні тапсыру керек

 

Профиль бойынша тапсыру бағасы барлық талдауларды жеке тапсырғаннан гөрі әрдайым арзанырақ.