"Қалқанша безі" бейіні, толық тексеру
Арнайы баға қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:
- ТТГ (тиреотропты гормон) ультрасезімтал
- Т4 (тироксин) еркін
- Анти-ТПО (микросомальді тиреопероксидазаға антидене)
- Т3 (трийодтиронин) еркін
- Анти-ТГ (тиреоглобулинге антидене)
«Қалқанша безін тексеру» бейіні қалқанша безі жағынан бұзылыстарды анықтауға, сондай-ақ емнің тиімділігін бақылауға көмектеседі.
«Стандартты тексеру»
ТТГ – қалқанша бездің қызметін реттейтін гормон. Бездің жұмыс қабілеттілігі тікелей осыған байланысты. Т4 еркін – қалқанша безінде өндірілетін негізгі гормон. Бездің жеткілікті жақсы жұмыс жасайтыны туралы айқындайды. Анти-ТПО – қалқанша безінің гормондарын өндіру үшін қажетті ферментті зақымдайтын заттар.
«Толық тексеру»
Т3 еркін – қалқанша без гормондарының бірі. Анти-ТГ – қалқанша бездің гормондарын түзетін негізгі компонентті бұзатын заттар.