Профильге келесі талдаулар кіреді:
1. Йод - қалқанша безінің гормондарының синтезі үшін қажет микроэлемент. Ересектерде йодтың орташа тапшылығы уытты зоб салдарынан гипертиреоз жиілігін арттырады. Йодтың өте жоғары дозаларының әсері кезінде қалқанша безі гормондарының синтезі төмендейді. Йод тапшылығы бар өңірлерде йодты тұтынудың күрт ұлғаюы сондай-ақ қалқанша безінің аутоиммунды ауруларын тудыруы мүмкін.
2. Селен - алмастырылмайтын микроэлемент, қалқанша безінің гормон алмасуына және антиоксиданттық жүйелерінің жұмысына көмектеседі. Селеннің қатты тапшылығы қалқанша бездің дисфункциясына және аутоиммунды аурулардың туындауына немесе асқынуына әкеп соқтырады. Хашимото тиреоидиті бар пациенттеріне селен дәрмектерін қосу Анти-ТПО-ға антиденелер деңгейін төмендетуі мүмкін. Мырыш - қалқанша без гормондарын өндеп шығаруын реттеуге көмектеседі. Мырыштың тапшылығы эндокриндік жүйеге, оның ішінде қалқанша безге ықпалын тигізеді.
3. Мырыш - қалқанша безінің гормондарын өндіруді реттеуге көмектеседі, ДНҚ мен ақуыздарды өндіру үшін қажет. Мырыш тапшылығы қалқанша безі гормондарының синтезін тежейді.
4. ТТГ ультра сезімтал - бұл гормон қалқанша бездің функциясын реттейді. Оның нәтижесі қалқанша бездің жұмысын (гипо-/гипрефункция) бағалауға мүмкіндік береді
5. Анти-ТПО - ақуызды қосылыстар, ағзадағы қалқанша безінің аутоиммунды аурулары болғанда көбейеді және ағзадағы осы процесстің маркері болып табылады. АТ-ТГ және АТ-ТПО тесттері қалқанша бездің қандай да бір аутоиммунды сипаттағы ауруын растау немесе шығарып тастау үшін қолданылады, мысалы: қалқанша бездің үлкеюі, функциясының бұзылу белгілерісіз. Сондай-ақ қалқанша безі ауруларының дамуы бойынша қауіп топтарын анықтау үшін эндокриндік ағзаларының патологиясы бар аналардан туған балаларға тағайындалады.
6. Т3 еркін - қалқанша без өндеп шығаратын негізгі екі гормон, еркін фракциялардың Т3, Т4 негізгі гормондарының деңгейін талдау - қалқанша бездің ақауына кез келген күдік болған жағдайда оның жұмысының сапасын анықтау үшін бірінші және ең маңызды қадам.
7. Т4 еркін - қалқанша без өндеп шығаратын негізгі екі гормон, еркін фракциялардың Т3, Т4 негізгі гормондарының деңгейін талдау - қалқанша бездің ақауына кез келген күдік болған жағдайда оның жұмысының сапасын анықтау үшін бірінші және ең маңызды қадам.
8. Анти-ТГ - ақуызды қосылыстар, ағзадағы қалқанша безінің аутоиммунды аурулары болғанда көбейеді және ағзадағы осы процесстің маркері болып табылады. АТ-ТГ және АТ-ТПО тесттері қалқанша бездің қандай да бір аутоиммунды сипаттағы ауруын растау немесе шығарып тастау үшін қолданылады, мысалы: қалқанша бездің үлкеюі, функциясының бұзылу белгілерісіз. Сондай-ақ қалқанша безі ауруларының дамуы бойынша қауіп топтарын анықтау үшін эндокриндік ағзаларының патологиясы бар аналардан туған балаларға тағайындалады.