Арнайы баға қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:
- Лейкоциттік формуламен қоса қанның клиникалық талдауы
- Қан тобы (Blood group, АВ0) және Резус-қатыстылық (Резус-фактор, Rh-factor, Rh)
- Аланинаминотрансфераза
- Аспартатаминотрансфераза
- Жалпы билирубин
- Тікелей билирубин
- Жалпы нәруыз
- Мочевина (несепнәр)
- Креатинин
- Глюкоза (қандағы қант)
- ХНҚ (МНО) бойынша ПУ
- Фибриноген
- БІТУ/АЧТВ
- Тромбиндік уақыт
- Вассерман реакциясы
- АИТВ – иммунохемилюминисценция әдісі арқылы қан сарысуынан антиденелдер жиынтығын анықтау
- HCV ( С гепатиті)
- HBsAg (V2) ( В гепатиті – беткейлік немесе автралия антигені)
«Ота жасар алдындағы дайындық» бейіні емделушінің ота жасатуға дайындығын тексеру үшін қажет бейін және ота жасау барысында немесе ота жасалғаннан кейін туындауы мүмкін әр түрлі асқынуларды анықтау үшін қажет.
Қанның клиникалық талдауы (ЖҚТ) – науқастың денсаулығы жайлы жалпы көріністі бейнелейді, анемияны немесе басқа да бір қабыну реакцияларын анықтауға мүмкіндік береді.
Қан тобы – өмірге маңызды талдау, өйткені қан құю үшін қажет.
АЛТ, АСТ, Жалпы, еркін билирубин – бауырдың жағдайын бейнелейді.
Жалпы нәруыз бен глюкоза – ота жасалғаннан кейін жараның қалыпты бітелуін болжамдайды.
Креатинин, Мочевина (несепнәр) – бүйректің жағдайын бейнелейді.
ХНҚ (МНО) бойынша ПУ, фибриноген, БІТУ (АЧТВ), Тромбиндік уақыт – қанның ұю жүйесінің көрсеткіштері, тромбтардың түзілуін немесе қан кетулерді алдын алуға көмектеседі.
Вассерман реакциясы, НСV және НBsAg – емделушіде мерез, В немесе С гепатитінінің болуын анықтайтын маркерлер.
Бұл аурулардың анықталуы хирургтар үшін маңызды, өйткені олар науқастың қаны арқылы дәрігерге беріледі. Бұл жағдайда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау талап етіледі.