Кері қайту
"Ревматологиялық толық" бейіні

Арнайы баға қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:

  • Лейкоциттік формуламен қоса канның клиникалық талдауы  несеп қышқылы  
  • С-реактивті нәруыз 
  • Комплементтің С3 компоненті   
  • Комплементтің С4 компоненті   
  • Ревматоидты фактор  
  • Антистрептолизин О

«Ревматологиялық» бейін науқаста ревматоидты артрит және құяң (подагра) сияқты буынның қабыну ауруларын диагностикалау үшін көрсетілген.   

«Стандартты» - буындарда қабынудың бар-жоғына күдік туғызатын минимум талдаулар.

  • Жалпы қан талдауы – адамның ағзасында қабынудың бар-жоғы туралы жалпы жағдайды көрсететін талдау.
  • Несеп қышқылы – буындарға шөгеді де подагра ауруы кезінде қатты ауырсынуды туғызады.
  • С-реактивті нәруыз – қабыну аурулары кезінде қанда ең бірінші пайда болатын нәруыз.
  • Ревматоидты фактор – ревматоидты артрит сияқты аутоиммундық аурудың ықтималдығы туралы куәландыратын скринингтік талдау.
  • Антистрептолизин «О» (АСЛО) – ревматоидты артрит және ревматизм ауруларына себепші болуы мүмкін стрептокоок бактериясына ағзаның жанасу көрсеткіші. 

«Толық»

  • С3, С4 комплемент – буындарда қабынудың дамуына тікелей қатысатын қанның нәруыздары.

«Кеңейтілген»

  • IgA, IgM, IgG – аутоиммундық үрдістің айқындылық дәрежесін көрсететін талдаулар.
  • АЦЦП – ревматоидты артриттің ең сенімді көрсеткіші.