"Кеңейтілген ревматологиялық" бейіні
Арнайы бағасы қарастырылған бейін келесі талдауларды қамтиды:
- Лейкоциттік формуламен қанның клиникалық талдауы
- Несеп қышқылы
- С-реактивті нәруыз
- Комплементтің С3 компоненті
- Комплементтің С4 компоненті
- Ревматоидтық фактор
- IgA (иммуноглобулин А)
- IgM (иммуноглобулин М)
- IgG (иммуноглобулин G)
- Антистрептолизин О
- Циклдік цитруллинделген пептидке антиденелер (АЦЦП, anti-CCP, Ревматоидты артрит маркері)
«Ревматологиялық» бейін науқастарда ревматоидты артрит және тұз байлану ауруы (подагра) сияқты буындардың қабыну ауруларын диагностикалау үшін көрсетілген.
«Стандартты» - буындарда қабынудың бар-жоғына күдік туғызатын минимум талдаулар.
- Жалпы қан талдауы – адамның ағзасында қабынудың бар-жоғы туралы жалпы жағдайды көрсететін талдау.
- Несеп қышқылы – буындарға шөгеді де подагра ауруы кезінде қатты ауырсынуды туғызады.
- С-реактивті нәруыз – қабыну аурулары кезінде қанда ең бірінші пайда болатын нәруыз.
- Ревматоидты фактор – ревматоидты артрит сияқты аутоиммундық аурудың ықтималдығы туралы куәландыратын скринингтік талдау.
- Антистрептолизин «О» (АСЛО) – ревматоидты артрит және ревматизм ауруларына себепші болуы мүмкін стрептокоок бактериясына ағзаның жанасу көрсеткіші.
«Толық»
- С3, С4 комплемент – буындарда қабынудың дамуына тікелей қатысатын қанның нәруыздары.
«Кеңейтілген»
- IgA, IgM, IgG – аутоиммундық үрдістің айқындылық дәрежесін көрсететін талдаулар.
- АЦЦП – ревматоидты артриттің ең сенімді көрсеткіші.