Спортшы ағзасының функционалдық жағдайын кешенді бағалау үшін «Спортттық» арнайы диагностикалық бейін әзірленген және ол келесі зерттеулерді қамтиды:
- Лейкоциттік формуламен қоса қанның клиникалық талдауы* (ЖҚТ)
- Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
- Аспартатаминотрансфераза (АСТ)
- Лактат
- Жалпы нәруыз
- Тікелей билирубин
- Жалпы билирубин
- Мочевина (несепнәр)
- Креатинин
- Глюкоза (қандағы қант)
- Жалпы холестерин
- Тестостерон
- Жалпы кальций
- Инсулин
Спорттағы жетістіктер тек қажырлы еңбектің ғана емес, мықты физикалық денсаулықтың да көрсеткіші болып саналады. Кәсіби және әуесқой спортшыларға өз ағзасының жағдайын қадағалап отыруы қажет. Спорттық жаттығулар сізге пайдасын немесе зиянын тигізетін көптеген факторлар бар.
Жаттықтырушы сізге жаттығуларға байланысты мәселелердің басын ашуға көмектеседі, ал физикалық кемелдермен «Спорттық» бейін көмектеседі.
Ол физикалық жағдайды бақылау үшін арнайы әзірленген және келесілерді қамтиды:
Лейкоциттік формуламен қоса қанның клиникалық талдауы* (ЖҚТ) – спортшыны жарыстарға рұқсатнама беру туралы шешім қабылдауға арналған негізгі зерттеулердің бірі. Мысалы: тромбоциттердің деңгейі жоғары кезде тромбоздар даму қаупі бар және күш қолданылатын спорт түрлерінде жүрекке салмақ түсірмес үшін қарсы көрсетілім болу мүмкін.
Аланинаминотрансфераза (АЛТ), Аспартатаминотрансфераза (АСТ), Жалпы нәруыз, Тікелей билирубин прямой, Жалпы билирубин – бауыр жұмысының негізгі маркерлері. Бұл көрсеткіштерді қадағалап отыру өте маңызды, себебі шыдамдылық, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы үшін қажетті жағдай бауырдың қызметіне байланысты. Бұдан басқа, арнайы спорттық тағамдарды (мысалы үшін: «протеин», «энергетик», «май жағу») қабылдап жүрген адамдар үшін бұл зерттеу маңызды тармақ болып табылады, өйткені бұл қоспаларды пайдаланғанда бауырға жүктеме түсіру артады.
Лактат (СҮТ ҚЫШҚЫЛЫ) – дәл осы зат қарқынды жаттығулардан кейін бұлшықеттердегі ауырсынуға жауапты. Көп мөлшерде денсаулыққа зиянды болуы мүмкін.
Мочевина (Несепнәр) – нәруызды қайта өңделген өнім. Қалыпты жағдайда ағзадан шығарылу керек. Мочевинаның шығуы бұзылғанда бүйректегі проблемалар туралы білдіреді.
Креатинин – бұлшықеттерде өндіріледі, бұлшықет массасы неғұрлым көп болса, соғұрлым қанда оның концентрациясы артады. Бүйрек дұрыс жұмыс істемеген кезде жиналуы мүмкін.
Глюкоза (қандағы қант) – қант деңгейі қалыпты жаттығулар үшін нормада болуы қажет.Жалпы холестерин – нормадағы көрсеткіші 6.2 дейін, егер бұдан жоғары болса, онда тамырлар ауруы, тіпті атеросклероз дамуы ықтимал, мұндайда дәрігерге қаралуы керек.
Na/K/иондалған Са* – бұлшықеттің қалыпты жұмыс жасауы үшін және сүйектің беріктігі үшін қажет электролиттер. Мысалға: кальций тапшылығы – жиі бұлшықеттің құрысуына әкеледі, сүйектің беріктігі төмендейді.
Тестостерон – бұлшықет массасын күшейтуге көмектесетін негізгі гормон. Гормон жеткіліксіз деңгейде болса, жаттығу залында жақсы нәтижелерге қол жеткізу қиынға соғатын болады.
Инсулин – бұлшықеттерге энергия жеткізуге көмектеседі. Инсулин деңгейі төмендеп кеткенде бұлшықеттерге энергия жеткіліксіз барады және мұндайда тиімді жаттығу туралы айту мүмкін болмайды. Бұдан басқа инсулин көрсеткіші ең ауыр аурулардың бірі – қант диабетін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда тізімделген зерттеулер тірек-қимыл аппаратын, жүрек-қан тамырлар, жүйке және эндокриндік жүйелер, бауыр мен бүйрек сияқты мүшелер мен жүйелердің жағдайын кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Осы зерттеулердің нәтижелерін негізге ала отырып, сіз денсаулығыңызға пайдасын беретін спорт түрін таңдап қана қоймай, максимальды тиімділікпен жаттығуыңызға болады.