ДДСҰ ұсынымы бойынша құрсақішідік инфекциялар TОRCH-инфекциялар тобына біріктірілген. Топтың атауы аса жиі ұрықтың патологиясын шақыратын инфекция қоздырғыштары атауының басты әріптерінен құралған:
- «Т» – токсоплазмоз (Toxoplasma);
- «R» - қызамық (Rubella);
- «С» - цитомегаловирустық инфекция (Cytomegalovirus);
- «Н» - герпес (Herpes).
Токсоплазмоз – бұл әлемдегі 30% -ға жуық адамдарда жұқтырылған өте кең таралған ауру. Оның қоздырғышы – токсоплазма деп аталатын микроағза. Токсоплазманың алғашқы қожайыны паразит ағзасында көбейетін үй мысығы болып табылады, жиі бұл адамға жұқтыру көзі болады. бұдан басқа токсоплазманы жұқтыру кір қол арқылы (осылай әдетте балалар балабақшадан жұқтырады), шикі немесе шала қуырылған ет арқылы жұғуы мүмкін. Иммунитеті жақсы адам үшін токсоплазмоз қауіптілік туғызбайды, онымен сырқатануы мүмкін, тіпті оны елемей қалуы да мүмкін.
Бұдан басқа адам ағзасы токсоплазмозға түрақты иммунитет шығаруы мүмкін, сондықтан бұл «бір реттік» ауру. Токсоплазмоз аса қатерлі қауіпті төндіретін жағдай – бұл жүктілік уақытында токсаплазмозды алғаш рет жұқтырғанда болады.
Шындығында, мұндай инфекцияның ықтималдығы жоғары емес деп айту керек-статистикаға сәйкес, жүктілік кезінде әйелдердің токсоплазмозды жұқтыруы 1% - дан аспайды, 20% токсоплазмозды ұрыққа тасымалдайды. Бірақ сонда да бір пайыз - бұл жүз әйелдің ішінде бір жүкті әйелдің жұқтыратынын білдіреді.
Сондай-ақ, токсоплазмоз тек қазіргі жүктілік кезінде әйелге жұқтырылғанда қауіпті болып табылады. Бұл – егер әйел адам жүктілікке дейін токсоплазмозбен ауырған болса (кемінде жарты жыл бұрын) онда болашақ балаға токсоплазмоз қауіп төндірмейтіндігін білдіреді. Сонымен қатар, жүктілік кезінде токсоплазмозға байланысты әйел баласын жоғалтатын қайғылы жағдайдан кейін, алты айдан соң қорықпай тағы жүкті бола алады.
Егер жүктілік уақытында токсоплазмозбен залалдану болған күннің өзінде көбіне жүкті әйелдің ағзасына токсоплазмоз жүктілік мерзіміне де байланысты болады.
Жүктілік мерзімі неғұрлым ерте болса, соғұрлым ұрықтың токсоплазмозды жұқтыру салдарынан ауыр зардап қауіпі жоғары болады, бірақ, сонымен бірге, бұл инфекцияны жұқтыру ықтималдығы аз. Керісінше, жүктіліктің кеш мерзімінде ұрыққа токсоплазмоздың берілу пайызы өте жоғары (шамамен 70%), бірақ ұрықтың ауыр зақымдану қаупі аз.
Жүктіліктің алғашқы 12-ші аптасында токсоплазмозбен залалдану ең қауіпті болып саналады. Мұндай жағдайларда туа біткен токсоплазмоз көбінесе ұрықтың өліміне немесе көздің, бауырдың, көкбауырдың, сондай-ақ баланың жүйке жүйесінің (әсіресе бас миының) ауыр зақымдалуына әкеледі. Сондықтан жүктіліктің бастапқы кезеңінде токсоплазмозбен ауырған кезде жүкті әйелге жүктілікті жасанды түрде тоқтату ұсынылады.
Қызамық – дені сау адамға ауру адамнан ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы вирустық ауру. Қызамық Қызамық толық зиянсыз "балалар" инфекцияларына жатады, әдетте, ол ешқандай ауыр зардаптарға әкелмейді.
Қызамық ұсақ бозғылт бөртпелер, дене температурасының шамамен 38°С жоғарлау түрінде байқалады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады.
Қызамықтың зұлымдығы көбінесе инкубация кезеңінде, ауру әлі ешқандай көрініс бермейтін және адам өзін ауру екенін білмейтін кезде пайда болады. Бірақ қызамықпен ауырып болған соң адамның ағзасы тұрақты иммунитетті қалыптастырады, сондықтан қызамықпен екінші рет залалдану болмайды.
Жүкті әйелдер қызамықты жұқтырған кезде бұл залалсыз инфекция ұрық үшін өте қауіпті болады. Жүктіліктің алғашқы сатысында қызамық вирусы жиі ұрықтың жүйке ұлпасын, көз ұлпасын жән жүректі зақымдайды.
Жүктіліктің бірінші триместрінде қызамық болғанда бұл жүктілікті тоқтатуға көрсеткіш болып табылады. Егер қызамықты екінші немесе үшінші триместрде жұқтырған болса, ұрық үшін түзелмейтін ақаулар туындамайды, бірақ сонда да бой өсуінің артта қалуы және басқа бұзылыстар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жалпы әлдендіретін емдеу, ұрықжолдасының жеткіліксіздігін алдын алу жүргізіледі.
Ақырында қызамықты жүктіліктің соңғы айларында жұқтыру кезінде нәресте қызамық белгілерімен туылуы мүмкін, одан соң клиникалық көрінісі туғаннан кейін жұқтырып алған балалардағыдай өтеді және аурудың ауыр салдары болмайды.
Цитомегаловирусты инфекция — бұл тек ХХ ғасырда анықталған вирустық жұқпалы ауру, қоздырғышы цитомегаловирус (ЦМВ) болып табылады. Цитомегаловирус жыныстық жолмен, қан арқылы, ана сүтімен тамақтандырғанда жұқтырылуы мүмкін. ЦМВ адамға әсері, ең алдымен иммундық жүйенің жағдайына байланысты болады: иммунитет жақсы болса ЦМВ іс жүзінде қауіптілік туындатпайды, егер иммунитет төмендеген болса, онда цитомегаловирус белсеніп, залалданған адамның барлық жүйелері мен мүшелерін зақымдау мүмкін.
ЦМВ жұқтырған адамдардың көпшілігі инфекцияны байқамай-ақ кешеді. ЦМВ антидене тұрақты және қмір бойына сақталады, аурудың қайталануы туындамайды.
Бірақ басқа TORCH- инфекциялармен бірге цитомегаловирусты алғаш рет жүктілік кезінде жұқтырса, оның ақыр соңы өте қауіпті болады. Мәселе жатырішілік ЦМВ берілу қаупінің өте жоғары болуымен күрделене түседі, себебі цитомегаловирустық инфекция құрсақішілік инфекция бойынша алғашқы орындардың бірін алады. Бұған қоса ұрықты залалдануы әртүрлі жолмен жүруі мүмкін, тек ауру анасынан ғана емес әкесінде шәует жасушасында ЦМВ болса ұрықтану барысында жұқтырылуы мүмкін.
Алайда ЦМВ ұрық ағзасына жиі анасының ағзасынан ұрықжолдасы арқылы немесе ұрық қабықшасы арқылы түседі. Баланың вирусты жұқтыруы босану кезінде анасының залалданған босану жолдарынан өтуі арқылы және ана сүтімен ему кезінде, бірақ бұл нұсқасы әдетте бала үшін қауіптілігі аз және ауыр қасіреттерге әкелмейді. Құрсақішілік инфекция кезінде цитомегаловирустық инфекция құрсақішілік ұрықтың өліміне немесе туа пайда болған цитомегаловирустық инфекциясы бар баланың туылуына әкелуі мүмкін.
Туа пайда болған цитомегаловирустық инфекция бала туылған сәтте бас миының дамымай қалауы, бас миының шемені, гепатит, сарғаю, бауырдың және көкбауырдың ұлғаюы, пневмония, жүрек ақаулары, туа біткен кемтарлық даму ақауларымен көрінеді.
Туылған бала психикалық даму бөгелісімен, кереңдік, эпилепсия, церебральді салдану, бұлшықеттің әлсіздігімен сырқаттануы мүмкін.
Кейде туа пайда болған цитомегаловирустық инфекция заладанған балада соқырлық, кереңдік, сөйлеудің бөгелуі, ақыл-естің дамымай қалуы, психомторлық бұзылыстар түрінде тек 2-5 жасында байқалады.
Мұның бәрі жүктіліктің ерте кезеңіндегі жүкті әйелдегі алғашқы цитомегаловирустық инфекция анықталғанда жүктілікті жасанды түрде тоқтатудың көрсеткіші болып табылады.
Егер әйел адам бұрын цитомегаловирус инфекциясын жұқтырған болса және жүктілік кезінде оның өршуі болса, онда мұндай қауіпті (қорқынышты) салдарлар пайда болмайды: әйел адамға вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен және иммуномодуляторлармен емдеу тағайындалады.
Герпес. Герпес вирусының екі тобы белгілі – І және ІІ типтегі герпес. І типтегі герпес, атап айтқанда баршаға белгілі ерінге «ұшық шығу» түрінде байқалады, ІІ типтегі герпес көп жағдайларда жыныс мүшелерін зақымдайды (урогенитальді герпес деп аталады). Герпес ауа-тамшылы және жыныстық жолмен жұқтырылады, сондай-ақ «вертикальді», яғни жүкті анасынан инфекция ұрықжолдас арқылы ұрыққа өтуі мүмкін. Асқынған созылмалы ағымындағы герпестің екі типінде ауру тек тері және шырышты қабаттарды зақымдап қана қоймай, орталық жүйке жүйесін, көзді, ішкі ағзаларды да зақымдайды. Жүктілік уақытында әсіресе оның алғашқы мүшелер мен жүйелердің қалыптасу сатысында герпесті алғаш рет жұқтырғанда герпестік инфекция ұрық үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Бұл жағдайда жүктіліктің дамымай қалуы және түсік тастау қауіпі үш есе жоғарлайды, ұрықта кемтарлық дамуы ықтимал. Егер генитальді герпесті жүктілікті екінші жартысында жұқтырған болса, онда ұрықтың туа біткен – микроцефалия, көз торының патологиясы, жүрек ақаулары, туа болған вирустық пневмония сияқты ауытқулар ықтималдығы артады. Мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін. Бұдан басқа ұрықтың құрсақішілік кезеңде ҚГВ жұқтырылуы бала туғаннан кейін шетінеуіне, балалар милық (церебральді) салдануына, эпилепсия, кереңдік, соқырлық сияқты ауыр жағдайларды тудыруы мүмкін. Бала герпеспен құрсақішілік жұқтырып қана қоймай, туу кезінде залалданған анасының босану жолынан өту кезінде де жұқтырады. Бұл егер әйел адамның жүктілік уақытында генитальді герпестің өршуі болғанда жүреді, ал бөртпелер жатыр мойнында немесе жыныс жолдарында орналасады. Егер жүкті әйелде босануға 4 апта қағанда репес вирусы анықталған болса, әдетте нәрестенің вирусты жұқтыру қауіпін азайту мақсатында жоспарлы кесар операциясымен босандырылады.
Осы тұста мынандай қорытынды ойға келеді: жүктілікті жоспарлаған жұптарды TORCH-инфекцияға тексеру жүктілік болмай тұрып жүргізілу керек. «ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! зерттелетін материал қан болып табылады.