Әйелге әдемі және жайдары болуына, мерзімінен бұрын қартаймауына не көмектеседі? Ана болуға не мүмкіндік береді? Бұл әйел гормональды аясы, оның тұрақсыздануы біздің көңіл-күйге, ажарымызға, ниетімізге және жұмысқа қабілеттілігімізге байланысты болады.
Әйелдерде гормональды аяның өзгеруі ағза жұмысының ауыр бұзылыстарына себеп болуы мүмкін. Мұндай ақаулардың көзі аналық безі ғана емес, ағзаның эндокриндік жүйеснің бір бөлігі болып табылатын қалқанша безі, бүйрек үсті безі, гипофиз және басқа мүшелерден өндірілетін әйел гормондары болуы мүмкін.
Әйелдердің горманальдық күйін бағалау үшін әйел жыныс жүйесінің, қалқанша безінің, гипофиздің гормондарына кешенді зерттеу жүргізу қажет. Әйел жыныс жүйесінің аса маңызды гормондары «Әйелдер гормональды аясы» бейінінің құрамына кіретін зерттеулер болып табылады:
- ТТГ (тиреотропты гормон) ультрасезімтал
- ФСГ (фолликулаынталандырушы гормон)
- ЛГ (лютеиниздеуші гормон)
- ХГЧ (хориондық гонадотропин)
- Пролактин
- Эстрадиол17-ОН
- Прогестерон (17-ОП)
- Тестостерон
- Жыныстық гормондармен байланысушы глобулин (ГСПГ, Sex hormone-binding globulin)
- Тестостерон мен ГСПГ-ға бір мезгілде тапсырыс беру кезінде еркін тестостерон индексі тегін есептеледі.
- ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат)
Жоғарыда атап көрсетілген зерттеулер әйел жыныс өкілдерінің гормональды фонын кешенді бағалауға мүмкіндік береді, ол ертеккір айналымының бұзылыстарын және бедеулікті диагностикалау кезінде қолданылады.