Кері қайту
Ревматоидты фактор (РФ)

Ревматоидты фактор (РФ) – бұл иммундық жүйе жұмысының шалысуы кезінде өндірілетін нәруыз. «Иммунитет иммунитеке қарсы». Яғни, ағзанының қорғаныш фрагменті – иммуноглобулин G (IgG) бөгде зат ретінде бағаланады және басқа иммуноглобулиндермен (ревматоидты фактормен) «шабуылды» бастайды. Егер IgG қандай да бір жасушамен кешен түзсе, онда осындай барлық кешен ревматоидты фактормен жойылады.

Ревматоидты фактор буындарда түзіледі және олардан шығып қанағымына түсіп, қан тамырлардың қабырғаларын зақымдайды. Демек, ревматоидты фактордың деңгейі жоғары болған науқастарда айтарлықтай буындардан тыс зақымдану болады. Сонымен, РФ – бұл жұйелі қызыл жегі немесе ревматоидты артрит сияқты аутоиммундық аурулардың маркері. Қанда РФ орта есеппен ревматоидты артрит басталғаннан кейін 3 айдан соң пайда болады. РФ тым көп концентрациясы Шегрен синдромы кезінде байқалады.