Ағзада микробтардан қорғайтын арнайы жасушалардан бөлек тағы бір бейспецификалық қорғану механизмі бар. Яғни нақты аурудың қоздырғышына емес, кез келген бөгде агенттерге қарсы жұмыс істейді.
Аурулармен күресетін бұл әдіс бір-бірімен өзара байланысқан ерекше нәруыздар тобы (барлығы 20 жуық) «комплемент жүйесімен» іске асырылады.
Әрбір нәруыз С әріпімен және тиісінше С1, С2, С3, С4… сандармен белгіленеді. Бір компоненттің белсенуі басқа компоненттерді белсендіреді. Одан кейін бөлек белсендірілген фрагменттерден (С1, С8…) биологиялық әсер көрсететін әрекеттесуші (С2С3С4) кешен түзіледі. Комплемент жүйесі – бұл туа және жүре пайда болған иммунитеттің бөлігі.
Бұл жүйенің әсері өте күшті, сондықтан ол ағзаға зиян келтірмес үшін «бөлшектелінген» күйде болады. С3 микроағзаларды иммунды жасушалар «жұтып» және жоюға (опсонизация) көмектесетін химиялық реакцияларды іске қосады. С4 қорғанудың басқа механизмін, яғни микроб қабатында «пробоин» туындап, оған жасушадан тыс сұйықтық түскен соң микроағазалардың өлуіне әкелетін механизмді іске қосады. Комплементтің екі компонентін анықтау аса ақпаратты болып табылады.