Сілтілі фосфатаза – бұл біздің ағзамызда іс жүзінде барлық жасушаларда, әсіресе көп мөлшерде сүйек ұлпасында, бауыр жасушаларында, ішектің шырышты қабаттарында және ұрықжолдаста (жүктілік кезінде) болатын фермент. Оның қызметі фосфор қышқылын органикалық молекулалардан ыдырату болып табылады, осылайша фосфор алмасуына қатысады.
Сілтілі фосфотазанің деңгейі көптеген факторларға байланысты болады, олар: адамның жынысы, жасы, тамақтанудың басым түрі. Алайда оынң жоғарлауы белгілі бір мүшелердегі патологиялық өзгерістер туралы меңзейді.
Сүйек ұлпасында СФ сүйектің өсуіне белсенді қатысатын жасушаның беткейінде орналасқан. Сондықтан СФ қанда артуы және сүйек ұлпасының аурулары арасында тікелей байланыс бар. Сүйектің қатерлі ауруларында ферменттің белсенділігі жылдам артады.
СФ деңгейінің жоғарлап кетуі бауыр ауруларында екі себептен болады: біріншіден – бауыр жасушаларының өлуі кезінде (гепатит, цирроз, бауырға әсер ететін дәрі-дәрмектер, алкоголь) ферменттер зақымданған жасушалардан шығады; екіншіден – тастардың түзілуі, қабыну, паразиттер, ісік жасушалар салдарынан өттің ағуы бұзылған кезде өт өзегі бітеледі. Қалыпты жағдайда СФ өтпен бірге ішек арқылы шығарылады, ал өт айдалу қиындалған кезде заттардың қайтадан қанға сіңірілуі жүреді.
Жүкті әйелдерде клиникалық эпилепсиялық талмаға ұқсас эклампсия болғанда СФ өте жоғары мәнге жетеді, бұл ұрықжолдастың зақымданумен байланысты. Жүкті әйелдерде белсенділігінің төмендеуі ұрықжолдастын жеткіліксіз даму туралы айтады.
Жоғарыда тізімделген себептерден бөлек сілтілі фосфотаза белсенділігі қалқанша маңы безінің аурулары (екіншілік гиперпаратиреоз) бүйректік мешел, цитомегаловирустық инфекциялар, ішектің қабыну кезінде жоғарлайды.
Фермент деңгейінің төмендеуі С дәруменнің жетіспеуінде, қалқанша безі қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын анемия және ағзаға фосфор жеткіліксіз болған кезде байқалады.