Ағзада қабынуға немесе жасушалардың өлуі кезінде жауап ретінде қанда ең бірінші пайда болатын нәруыз. Бактериялардың жасушалық қабырғасының С-компонентімен реакцияға түсу (ағзаның бактериялардан алғашқы қорғау механизмі) қызметінің арқасында нәруыз өзінің атауына ие болды СРН/СРБ иммундық жасушалармен қатынасқа түседі және олардың қорғаныштық қабілетіне оңтайлы әсер етеді – қозғалғыштығын күшейтеді, микробтарды жұту және жою қызметін белсендіреді. Ұлпаны зақымданнан кейін 4 сағаттан соң СРН концентрациясының жоғарлауы жүріп, 24-72 сағаттан кейін максимальды деңгейіне жетеді. Аурудан сауыққаннан кейін нәруыз деңгейі төмендей бастайды.
Сонымен СРН негізгі диагностикалық құндылығы жедел қабынулық және некроздық (әртүрлі факторлардың әсерінен ұлпалардың бұзылуы) үрдістерді, сондай-ақ аурудың динамикасын көрсетуден тұрады.
Талдау эритроциттердің тұну жылдамдығына (ЭТЖ) ұқсастығы болғанымен өзінің артықшылығы бар: СРН едәуір ерте жоғарлайды және жылдам төмендейді (СРН – 6-10 тәулік; ЭТД – 2-4 апта), бұл ауру ағымын адекватты бағалауға мүмкіндік береді. Сынақ кейбір ауруларды бір-бірінен ажыратуға көмектеседі, мысалы: ревматоидты артрит және жүйелі қызыл ноқта (ЖҚН). ЖҚН кезінде СРН-дің жоғарлауы байқалмайды. Бұдан басқа, вирустық және спирохеттік инфекция нәруыздың аздап жоғарлауын (10-30 мг/л дейін) тудырады, бұл ретте ревматоидтық және бактериалдық ауруларда – 100 мг/л дейін; сепсис (қанның зарарлануы) кезінде 300 мг/л және одан артық жоғарлауы болады!