Ағзада қабынуға немесе жасушалардың өлуіне жауап ретінде бірінші болып өндірілетін нәруыз. Нәруыз өзінің атауын бактерияның жасушалық қабырғасының С-компонентімен реакцияға (ағзаның бактериядан қорғануға алғашқы механизмі) түсуіне орай алған.
Бұрында СРН (СРБ) концентрациясы 5 мг/л төмен болса (салыстырмалы түрде – кейбір ауруларда СРБ 300 мг/л дейін көтеріледі) ағзада қабынулық реакцияның жоқтығын аңғартатын. Кейінірек ғылыми жұмыстар жүргізілгеннен кейін СРН 3 мг/л жоғары болғаны жүрек-қан тамырлар ауруларымен сырқаттанатын науқастарға, тіпті іс жүзінде дені сау адамдар үшін де тамырлар ауруы қаупінің жағымсыз болжамды белгі екені анықталды.
Қауіп дәрежелері:
- 1,0 мг/л аз - минимальді
- 1,1 – 1,9 мг/л – төмен
- 2,0 – 2,9 мг/л – орташа
- 3,0 мг/л аса – жоғары
Алайда шамалы суық тиіп ауырғанның өзінде СРН 20 мг/л дейін жоғарлайтыны белгілі! Сөйтіп СРН «базалық» концентрациясын анықтауға мүмкіндік беретін жоғарысезімтал әдіс әзірленген.
Окленд Университетінің (Жаңа Зеландия) деректері бойынша май алмасуының (ЖТЛП, ТТЛП, жалпы холестерин) және С-реактивті нәруыздың жүйелі жиынтық бақылау көрсеткіштері оңтайлы емдеуді таңдауға мүмкіндік береді. СРН-кардио деңгейінің жоғарлауы атеросклероздық түйіншектердің дамуымен байланысты қабынудың белсенділігін көрсетеді.
Демек, СРН-кардио концентрациясының артуы атеросклерозға тән белгі ретінде қарастырылады.