Дәрі-дәрмекке аллергия дәрігер үшінде және олардың науқастары үшінде өзекті мәселе болып табылады. Қандай да бір дәрілік затты тағайындау дәрігердің жауапкершілігінде жатыр, ал нақты науқаста нақты дәрі-дәрмекке аллергиялық реакцияның дамуын алдын ала білу мүмкін емес. Көп жағдайда науқастар теледидар арқылы үнемі жарнамалайтын және дәріханалардан рецепсіз берілетін дәрі-дәрмектерді өз бетінше қабылдайды. Дәл сол дәрі-дәрмектер үлкен қауіпті төндіреді. Дәрілік аллергиямен сырқаттанатын 90% адамда оны аспирин, әлде сульфаниламидтік дәрі-дәрмектер (триметоприм, септрин, бисептол), әлде антибиотиктер (пенициллин, цефуроксим) тудырады. Аллергиялық реакциялардың шынайы пайда болу жиілігін бағалау қиын. Бірақ әрбір он адамның төртеуі дәрілік аллергия туралы сұраққа жауап берерде қайта қауіпсізденеді немесе аллергиялық реакцияны басқалармен шатастырады. Дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакцияның пайда болуы уақытына қарай екі түрге бөледі: 1. Жедел түрі – дәріні қабылдағаннан кейін немесе енгізгеннен кейін жылдам пайда болады. Оларға: анафилаксиялық шок, есекжем, аллергиялық ісінулер жатады. 2. Баяу түрі – бірнеше күн өткен соң дамиды. Дене температурасының жоғарлауы, есекжем, буындардың ауырсыну түрінде байқалады. Бүгінгі күні дәрілік аллергияны диагностикалау үшін жалған оң немесе жалған теріс нәтиже беруі мүмкін терілік немесе арандатушылық сынақтары қолданылады. Дәл дәрілік аллергияны анықтау үшін науқастың дәрі-дәрмегімен базафилдерді белсендіруге (CAST) арналған сынақ ұсынылады. Дәріні көтере алмаушылық сынағы CAST - (Cellular Antigen Stimulation Test) in vitro арандату сынағы деп те аталады. Әдіске 1994 жылы патент берілген, авторы - проф. De Weck және д-р Sainte-Laudy. CAST классикалық гистаминді босату сынағымен салыстырғанда жоғары ерекшелігі бар. Әдістің арнайылығы 90% жоғары. CAST – сынағын пайдалану өмірге қауіпті арандатушылық сынақтарды қолданудан құтылуға көмектеседі және науқас үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Науқас зертханада қан тапсырады және күдікті аллергиялық реакцияны тудырушы нақты дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып келеді.