В12 дәрумені (цианкобаламин) ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады, сондықтан дәрумен тапшылығы іртүрлі аурулардың дамуына себепкер болуы мүмкін.
Бірінші қызметі: эритроциттердің жетілуі (оттегіні тасымалдаушы қанның қызыл жасушалары). Эритроциттердің өмір сүру мерзімі орта есеппен 120 күн және әрі қарай ол көкбауырда бұзылысқа ұшырайды. Эритроциттерде оны «молаға» жіберетін «уақыты/сағаты» жоқ… Ол әртүрлі әсерлердің нәтижесінде өзінің пішіні дискіден үлкен шарға (мегалобласт) айналғанға дейін өмір сүреді. Мұндай «шар» көкбауыр құрылымы арқылы өте алмай, тұрып қалады да бұзылады. В12 дәрумені дәл сол эритроциттерге диск пішінін жасап береді. Егер ағзада осы дәрумен жеткіліксіз болса, онда эритроциттер ең басынан «қартамыстау» шар пішінде пайда болады. Бұл қан жасушаларының белгіленген мерзімнен әлдеқайда аз өмір сүруіне және ақыр соңында мегалобластикалық анемияға (қан аздық) әкеледі
Екінші қызметі: гомоцистеин алмасуына қатысу («гомоцистеин» мақаласын қараңыз). Гомоцистеин – амин қышқылы, ағзада көп шоғырланған кезде қан тамырлар қабырғасы «борпылдақ» болады. Бұл жағдай зақымданға мүшеге байланысты түрлі аурулар (қант диабетінің асқынуынан жүктіліктің тоқтауына дейін) түрінде байқалады. Цианкобаламин гомоцистеиннің өз құрылымын өзгертуге және уыттсыз метионин болуына көмектеседі.
Үшінші қызметі: иммундық. Дәруменнің тапшылығы иммунды жасуша – нейтрофильдердің микроағзаларға қарсы күресі күшінің азаюына (гиперсегментті нейтрофильдер) әкеледі.
Төртінші қызметі: жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. В12 жүйке жасушасының миелиндік қабатының түзілуі үшін қажет. Яғни жаңа жүйке талшықтарының түзілуі немесе ескірген талшықтардың қайта қалпына келуі осы дәруменнің қатысуынсыз мүмкін емес. В12 дәрімен тапшылығының жиі себебі асқазан аурулары (мысалы, гастрит) болып табылады. Асқазанда дәруменмен байланысатын және оның асқазанның қышқылдық ортасында бұзылмауына жол бермейтін арнайы зат («Касл фактор») бөлінеді.
Егер ол өндірілмесе немесе аз мөлшерде өндірілсе, онда асқазанның тұз қышқылымен жойылады, бұл ағзаның барлық жоғарыда аталған жағдайларына әкеледі.