Кері қайту
Темір (Fe)

Темір - микроэлементтердің жалпы саны бойынша мардымсыз (4г жуық), бірақ тіршілікке маңызды бірқатар қызметті атқарады. Темір өзінің міндеттерін негізінен биологиялық белсенді қосылыстар құрамында атқарады:

  1. Гемоглобин, миоглобин – сыртқы ортамен ең негізгі газ алмасу (әсіресе тыныс алуға қатысатын оттегі мен көмір қышқыл газы маңызды) қызметі;
  2. Цитохром – күрделі жасушаішілік химиялық реакцияларды іске асырады;
  3. Оксидазалар, гидроксилазалар – қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті реттейді;
  4. Трансферрин, гемосидерин, ферритин – басқа химиялық қоспаларға темірді тасымалдау және қор жинау.

Темір алмасудың бірқатар ерекшеліктері бар. Микроэлемент ішекте сіңіріледі, алайда ағзаға темірдің нормадан көп түсуін шектейтін шегі бар. Яғни, егер құрамында темір тәуліктік нормадан жоғары тамақты қабылдаса, ішекте тек оның «бағдарланған» бөлігі ғана сіңіріліп, қалған ағзадан шығып кетеді. Бұл микроэлементтің жетіспеушілігін орын толтырудағы негізгі қиындық осында жатыр. Темір өтпен және ішек шырышты қабығының эпителийінің түсуі арқылы жоғалады, сондай-ақ тырнақпен, шашпен, зәрмен, термен, әйел адамдарда етеккір уақытында жоғалтады.

Темір тапшылығы гемоглобин өндірілуінің төмендеуіне әкеледі, бұл адамзатта ең көп тараған ауруладың бірі «анемияға» әкеледі. Анемия диагностикасының негізгі көрсеткіші қанда темірді анықтайтын талдауды тағайындау. Темірдің шамадан тыс болуы «сидероз» деп аталады, ағзаға металл бөлшегі (шахтерлар, электросварщиктер) сырттан түсуі мүмкін, немесе темірқұрамдас ферменттердің бұзылысы (темір басқа молекулалармен байланыстан «босатылады» және қан ағымында еркін айналады) салдарынан болады. Сидероздың қауіптілігі-ағзада (мысалы, өкпеде) микроэлементтердің шоғырлануы.