Статистика бойынша аллергияға әр төртінші адам шалдығады. Егер сіз сондай адамдардың қатарына кірсеңіз қамықпаңыз! Аллерген спецификалық иммунотерапия (АСИТ) аллергияны ұмытуға көмектеседі.
Таблеткалар мен капсулалар, тамшылар мен спрейлер тек аллергия симптомдарын жасырады.
АСИТ шын мәнінде аурудан құтылуға көмектеседі! Қазіргі кезде бұл IgE - жанама аллергиялық ауруларды емдеудің клиникалық көріністерге созылмалы әсер ететін және аурудың ағымын өзгертетін жалғыз әдісі.
АСИТ-тің 5 негізгі артықшылығы:
- Аллергияның симптомдарын айтарлықтай төмендетеді, тіпті толық кеткенге дейін;
- Аллергияға қарсы препараттарды жүйелі қабылдаудан бас тартуға мүмкіндік береді;
- Кезекті сезімталдықты болдырмауға көмектеседі;
- Риниттің демікпеге ауысуының алдын алады.
АСИТ – тек қана аурудың жағымсыз көріністерін жою емес, бірақ аллергияны толықтай жеңу тәсілі. Бұндай нәтижеге аллергендердің ағзаға аз дозадан бастап көбейтілген концентрацияда әсері есебінен қол жеткізіледі. Дозаны біртіндеп көбейту аллергеннің әсеріне төзімділік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұндай терапияны әртүрлі респираторлық (жұтатын) аллергендерге қолдануға болады:
- Тозаң (ағаштар, астық тұқымдастар және арамшөптер)
- Үй шаңының кенелері
- Жануарлар аллергендері (мысық, ит)
- Зең
Аллергендердің барлық спектрі әр елде жоқ, бірақ әр елдің кәсіби қауымдастықтары бұл бағытта жұмыс істеуде және жақын болашақта біз барлық бар аллергендермен емделе алатын боламыз.
АСИТ-тің клиникалық нәтижелілігіне кедергі келтіретін бірнеше фактор бар.
Біріншіден, АСИТ тек қана пациентте зертханалық талдаулармен расталатын аллергия симптомдары болса ғана белгіленеді. Талдаулар оң болып, бірақ симптомдармен сәйкес келмесе (немесе керісінше) онда АСИТ белгіленбейді.
АСИТ алдындағы диагностика және себеп-мәнді аллергенді анықтау – терапияға дайындықтың ажырамас бөлігі.
Терапияның максималды нәтижесі пациенттің аллерген көзіне шынайы сезімталдығы кезінде ғана байқалатыны белгілі, ал тоғыспалы жауап қайтару кезінде АСИТ-тің нәтижелілігі төмендейді.
Шынайы аллергияны анықтау үшін басым және минор аллергендерге қарсы IgE деңгейін анықтау көрсетілген. Аллергендердің әр көзі сол аллергендердің барлығынан тұрады, сондықтан терапияның нәтижелілігін болжау үшін экстрактылы аллергодиагностика жеткіліксіз. Молекулалық аллергодиагностика қажет: ImmunoCAP максималды сезімталдығы бар жекелеген аллергенді компоненттерге қарсы IgE деңгейін анықтауға көмектеседі.
АСИТ-тің тозаң, эпидермальді және зең аллергендеріне нәтижелілігін бөлек ImmunoCAP әдісімен және ISAC құрамында үй шаңы кенелерінің аллергендеріне нәтижелілігін болжауға мүмкіндік беретін бірқатар зерттеулер тіркелген.
- Шалғындық Tимофеевка rPhl p1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Шалғындық Tимофеевка rPhl p5, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Ойраншөп nAmb a1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Қайың rBet v1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Жусан nArt v1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
АСИТ қарашадан бастап наурыз-сәуір мезгілі аралығында өткізіледі (өсімдіктер гүлдене бастағанға дейін). Үй шаңы кенелеріне аллергияға қарсы терапияны жыл бойы өткізуге болады (егер ол тозаңға аллергиямен қатар болмаса).
АСИТ әрекетінің негізгі механизмі аллергенге реакцияның дамуының алдын алатын, IgE-мен бәсекелесетін антиденелер индукциясы болып табылады. Бұл блоктаушы бәсекелес антиденелер әдетте IgG4-ке жатады. Осылайша АСИТ-пен емдеу кезінде спецификалық IgG4 деңгейі артады.
Сонымен АСИТ-тің жұмыс істеп немесе істемейтінін қалай түсінуге болады? Бұл сұраққа бізге тағы да молекулалық аллергодиагностика жауап беруге көмектеседі. Бірақ IgE анықтау арқылы емес, ал ImmunoCAP әдісімен спецификалық IgG4 анықтау арқылы. Терапия жүргізіліп отырған аллергендер молекулаларына қарсы спецификалық IgG4 концентрациясының артпауы препаратқа иммундық жүйенің жауап бермеуін көрсетеді немесе емдеуге арналған препаратта аллергеннің нақты компоненттерінің болмауын көрсетеді.
Осылайша вакцинация кезінде қорғайтын иммундық жауаптың жеткіліксіз индукциясын анықтау АСИТ-ті әрі қарай жалғастыру, оны өзгерту жөнінде шешім қабылдауға көмектеседі – мысалы, басқа өндірушінің вакцинасын пайдалану арқылы – немесе бұл терапияны тоқтату арқылы.
- Шалғындық Tимофеевка rPhl p1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Шалғындық Tимофеевка rPhl p5, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Ойраншөп nAmb a1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Қайың rBet v1, IgG4 (АСИТ мониторингі)
- Жусан nArt v1, IgG4 (АСИТ мониторингі)