Кері қайту
Липопротеин (а): "Жаман" холестерин - бұл ғана емес!

Баршаға мәлім, жүрек-қан тамырлары аурулары - бұл бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарға қауіп төндіретін жаһандық мәселе. Бірақ бұл індеттің себебі неде? "Жаман" холестерин ғана емес, сондай-ақ дұрыс емес өмір салты да. Тағы бір аз белгілі, бірақ бірдей қауіпті тәуекел факторы бар: бұл - липопротеин (а).

Липопротеин (а) дегеніміз не?

"Жаман" холестеринге (ЛПНП) ұқсас, бірақ оған ақуыздың "құйрығы" бекітілген кішкентай молекуланы елестетіп көріңізші. Бұл "құйрық" апо(а) деп аталады және бұл липопротеин (а)-ді соншалықты қауіпті етеді.

Липопротеин (а) несімен қауіпті?

Липопротеин (а) қан тамырлары қабырғаларына "жабысады" және қан тамырларын бітеп, келесіге әкелуі мүмкін атеросклеротикалық бүртік пен тромбтардың (қан ұйындыларының) пайда болуына ықпал етеді:

  • Жүректің ишемиялық ауруына: миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін қан тамырларының тарылуына.
  • Инсультке: сал ауруына әкелуі мүмкін мидағы қан айналымының бұзылуына.

Липопротеин (а) деңгейіне әсер ететін факторлар:

  • Генетика: Липопротеин (а) деңгейі көбінесе генетикалық бейімділікке байланысты. Әлемдегі адамдарда шамамен 20%-ы генетикалық тұрғыдан жоғары липопротеин (а) бар.
  • Тамақтану: Май қышқылдарының транс-изомерлерінің ағзаға артық түсуі;
  • Аурулар: бүйрек патологиясы.

Нені білу керек:

  • Липопротеин (а) ЖҚА үшін тәуелсіз қауіп факторы болып табылады, яғни, оның жүрекке әсері қандағы холестерин деңгейі, қан қысымы немесе темекі шегу сияқты басқа факторларға байланысты емес
  • Оны "жаман" холестерин (ЛПНП) ретінде бақылау оңай емес. Диета мен жаттығулар көмектесе алады, бірақ бұл әрдайым жеткіліксіз болуы мүмкін.

Есіңізде болсын:

  • Липопротеин (а)деңгейін білу маңызды;
  • Тұрақты профилактикалық тексерулер липопротеин (а) деңгейінің жоғарылауын ерте кезеңде анықтауға және оны бақылау іс-шараларын қабылдауға мүмкіндік береді;
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау және емдеу ауыр асқынулардың қаупін азайтады;
  • Салауатты өмір салты липопротеин (а) деңгейінің жоғарылауымен байланысты жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін төмендетуде шешуші рөл атқарады.

 

Маңызды: Бұл мақала ақпараттық сипатта келтірілген және медициналық консульиация болып табылмайды. Кеңес алу және диагностикалау үшін дәрігерге жүгініңіз.