Кері қайту
5 қараша 2024
Жаңалық! Есірткі және психикалық белсенді заттарды ОЛИМП КДЗ-да диагностикалау

Қазақстанда есірткіге тәуелділердің саны артып келеді. Статистика бойынша, тыйым салынған заттарды алғаш рет 14 жасында пайдаланып көреді екен.

Заттардың зерттелетін топтары:

  • Мефедрон, амфетамин және олардың туындыларын анықтау
  • Бензодиазепиндер мен олардың туындыларын: Альпразолам, Бромазепам және т.б. анықтау
  • Опиаттар мен олардың туындыларын: Ацетилкодеин, Кодеин, Морфин және т.б. анықтау
  • Каннабиноидтарды: марихуана, "шөп" анықтау
  • Кокаин мен оның метаболиттерін: Кокаин анықтау
  • Есірткі, психикалық белсенді және басқа заттарды анықтауға скрининг

Қорғау мен бақылау қажеттілігі, біз ойлағандай, кішкентай балаларға ғана қатысты болмайды екен. Жасөспірімдер өздеріне ересектердің назарын талап етеді, өйткені олар анағұрлым осал келеді және бостандыққа ұмтылады. Көбінесе олар өз денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрғанын түсінбейді немесе қиын жағдайда ата-анасынан көмек сұраудан қорқады.

Әрбір жасөспірім тәуелділікке ұшырау қаупі бар. Өкінішке орай, тіпті ата-анасымен сенімді қарым-қатынаста болған балалар да күдікті компанияның ықпалына түсуі мүмкін. 

Есірткіге тәуелділіктің белгілері:

  • Түсініксіз сылбырлық немесе гипербелсенділік
  • Жазу және қарым-қатынас жасау тәсілдеріндегі өзгерістер
  • Терінің бозаруы немесе керісінше қызаруы
  • Көңіл-күйдің жиі өзгеруі
  • Тәбеттің өзгеруі: оның болмауы немесе оның күрт ашылуы
  • Ұйқымен байланысты мәселелер: ұйқысыздық немесе керісінше, 10-12 сағаттан артық ұйықтау

Гормоналды өзгерістер, психоздар, невроздар, созылмалы анемия, булимия, анорексия немесе дәрумендердің тапшылығы сияқты белгілерді бүркеніп, есірткі мен заңсыз заттарды қолдану жасырылуы мүмкін екенін түсіну маңызды.

Балаңыздың есірткіні қолданғанын растау немесе жоққа шығару үшін зертханалық диагностикалау қажет. ОЛИМП КДЗа сіз арнайы жетілдірілген несеп талдауын тапсыра аласыз. Ол әртүрлі есірткі заттарына және психикалық белсенді препараттарға жоғары сезімталдыққа ие және тұтынудан бірнеше күн өткен соң да олардың іздерін анықтай алады. 

ОЛИМП КДЗ-да диагностикалаудың осы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сіз мәселені уақтылы анықтап, балаңыздың денсаулығын қорғау үшін қажетті шараларды қолдана аласыз.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз