Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан 40 мыңға жуық адам қайтыс болады. Негізгі себептердің бірі - атеросклероз, ауру липидтер алмасуының бұзылуына байланысты дамиды.
«Липидограмма» панелі ағзадағы май алмасуының жай-күйі туралы толық көріністі алуға мүмкіндік беретін кешенді зертханалық зерттеу болыр табылады.
Бөлек-бөлек бағасы: 16 080 тг.
Панельдегі бағасы: 12 860 тг.
«Липидограмма» панелі не үшін қажет?
- Атеросклерозды ерте диагностикалау: Даму қаупінің жоғарылауын анықтау және оның алдын алу шараларын қабылдау.
- Емдеуді бақылау: Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу тиімділігін бағалау және қажет болған жағдайда терапияны түзету.
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу: Жасырын тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау.
Көрсетілімдер:
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының (ЖҚА) клиникалық көріністері жоқ, бірақ тәуекел факторлары бар адамдар (темекі шегу, жоғары қан қысымы, тұқым қуалайтын бейімділік, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау);
- ЖҚА ерте дамуының отбасылық анамнезі бар адамдар;
- Липидтер алмасуының генетикалық бұзылыстарына (отбасылық гиперхолестеринемия) күдік болған кезде;
- ЖҚА бар емделушілер;
- Жүрегіне немесе қан тамырларына хирургиялық араласу жасалған емделушілер;
- Қант диабеті, қалқанша безінің аурулары, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және т.б. бар емделушілер;
- Липидтер алмасуына әсер ететін дәрілік препараттар тағайындалған кезде (статиндер, фибраттар және т.б.).
- Жүргізілген шаралардың тиімділігін бағалау үшін өмір салтын (диета, физикалық белсенділік) өзгерту кезінде.
«Липидограмма» панелі - жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін бағалаудың маңызды құралы. Липидтер алмасуының бұзылуын уақтылы анықтау және өмір салтын уақтылы түзету немесе емдеу жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін едәуір төмендетіп, өмірді ұзартуы мүмкін.